Міндет – айқын,жұмыс – жүйелі

Міндет – айқын,жұмыс – жүйелі
ашық дереккөз
Міндет – айқын,жұмыс – жүйелі

Сыбайлас жемқорлық – қоғам үшін қауіпті әрі жағымсыз әлеуметтік көріністің бірі. Мемлекет тарапынан осынау қауіпті індеттің алдын алу мен оны болдырмау жөнінде нақты шаралар жүзеге асырылуда. Ал «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Президенттің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысы – осы бағыттағы маңызды құжаттар. Аталған құжаттардың аясында басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысын күшейту мақсатында былтыр бірқатар жұмыстар атқарылды. Айталық, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әр мемлекеттік қызметшінің ортақ міндеті» атты стенд, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің мәтіні және этикасын бақылау кітабы, басқарма басшыларының қабылдау кестесі мен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне арналған жәшік басқарма ғимаратындағы көрнекі орынға орналастырылды. 45-63-53 нөмірлі «Сенім телефоны» жыл бойы жұмыс істейді. Бұл тұрғыдағы ақпараттар басқарманың ресми сайтының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы арнайы бөлімінде де көрініс тапқан. Облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы ережеге сай өзінің функционалдық қызметін орындауда рұқсат қағаздар және лицензия бермейді. Алайда «Дипломмен ауылға» жобасы аясында басқарма бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрін аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдері жүзеге асырады. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша тәртіптік және қылмыстық жазаға тарту туралы деректер орын алған жоқ. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің өздеріне жүктелген қызметтерін атқаруға қатысты шағымдар түскен жоқ. Елбасы 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықпен белсенді күрес жалғасатын болады. Біріншіден, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізген жөн... Екіншіден, қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейту мәселесін пысықтау қажет. Үшіншіден, «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін тарату керек» деп атап көрсеткені белгілі. Алға қойған міндет пен талап – осы. Олай болса қоғам, оның әрбір мүшесі болып жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізуіміз қажет.

Гүлдана ЖАУЫНБЕКОВА, облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

Ұқсас жаңалықтар