Жұмысы бардың, ырысы бар

Жұмысы бардың, ырысы бар
ашық дереккөз
Жұмысы бардың, ырысы бар

Елдегі өзекті мәселелердің бірі – жұмыспен қамту. Елбасы Жолдауларында оны оңтайлы шешуге ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауда: «Жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны – бұрынғыша Үкімет пен әкімдер қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі критерийінің бірі болмақ» деп ерекше атап көрсеткені белгісі. Бұл бағытта біздің ауданында да елеулі шаралар қолға алынып, жүзеге асырылуда. Мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінде қарым-қабілеттеріне қарай жыл сайын жүздеген азамат жұмыспен қамтылуда. Біздің мекемеде белгіленген тапсырма асыра орындалуда. Аудандық жұмыспен қамту орталығына өткен жылы 2973 адам жұмыс іздеп келген болатын. Олардың өтініштері толық қанағаттандырылды. 2018 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша бізге берілген жоспар 127 пайызға орындалды. Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 62 азамат кәсіптік білім алды. 313 адам колледждердегі қысқа мерзімді курста оқыды. Олардың 308-і оқуды бітіріп, 186-сы тұрақты жұмысқа орналасты. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 144 адамға өз ісін ашуға және өркендетуге 390, 6 миллион теңге бөлінген болатын. 112 азамат несие алды. Бастау бизнесті оқытуға 206 азамат жіберілді. Жасы 29-ға дейінгі 21 қыз-жігіттерге шағын несие берілді. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша игілікті істер тындырылды. Аудандағы «Сыпатай батыр» ЖШС, «Ниет» және «Нөсер-Береке» шаруа қожалықтары, басқа да бірқатар мекемелермен келісімшарт жасалып, 88 адам жұмыс тапты. «Жастар тәжірибесі» бойынша 47 мекемемен келісімшартқа қол қойып, 148 азамат жолданды. Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 466 адам, Тәтті ауылындағы орта мектепті күрделі жөндеу жұмысына – 6, Сарымолдаев орта мектебін күрделі жөндеуге 62 адам жіберілді. Бұл мақсатқа бөлінген қаражат толық игерілді. Бос жұмыс орындарына 1429 азамат орналасты. Биыл «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Еңбек бағдарламасы» бойынша 919 адам өтініш жасаса, олардың 711-і жұмысқа орналасты. Биыл мүмкіндігі шектеулі 44 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Қазірге дейін осындай 14 азамат жұмыс тапты. Ағымдағы жылы техникалық және кәсіптік оқытуға – 60, қысқа мерзімді оқуға 240 адам тартылады. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 120 адам өз ісін ашады. Бастау бизнесті оқытуға 125 адам қатысады. Осы мерзімде әлеуметтік жұмыс орындарына 13 мекемемен келісімшарт жасалып, 85 азамат жұмысқа жолданды. «Жастар тәжірибесі» арқылы биыл 140 жасқа жұмыс тауып беру жоспарланса, келісімшарт жасалған 19 мекемеге 65 адам жіберілді. Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 16 мекемеге 345 азамат жұмысқа орналасты. 216 меркілік бос жұмыс орындарына барды. Қазір ауданда 710 адам жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр. Жыл соңына дейін олардың дені бағдарлама бойынша іске кірісетін болады.

Әлижан КЕРЕМҚҰЛОВ, аудан әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директорының міндетін атқарушы.

Меркі ауданы.

Ұқсас жаңалықтар