Сарбаздар ән салғанда шарықтатып

Сарбаздар ән салғанда шарықтатып
ашық дереккөз
Сарбаздар ән салғанда шарықтатып
Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялағаны белгілі. Сондай-ақ Жолдауда Бойскаут қозғалысы сияқты «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейту жөнінде де тапсырма берілген болатын. Жастарға әскери патриоттық тәрбиенің ерекше үлгісін көрсетіп, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің айбынын асқақтатуды көздеген екі күндік концерттік бағдарлама осы мақсатта ұйымдастырылды. Шекара қызметінің сарбаздары ұсынған концерттік бағдарламаны тараздықтар қызыға тамашалады. «Баласағұн» орталық концерт залында өткен шараға жергілікті билік өкілдері, мұғалімдер мен оқушылар және студенттер қатысты. Ал екінші күні концерт 2035 әскери бөлімінің клубында жалғасты. Ансамбльдің өнерін тамашалаған жұртшылық алғыстарын білдірді. Мемлекеттік шекара қауіпсіздігі – тұрақты дамудың кепілі. Сондықтан да ел тыныштығын сақтауда шекарашыларымызға үлкен міндет жүктелгенін де айта кеткеніміз жөн. Айнұр ЖАПБАРОВА, 2035 әскери бөлімінің тәрбие, әлеуметтік-құқықтық және идеологиялық жұмыстар бөлімінің аға офицері, аға лейтенант.

Ұқсас жаңалықтар