ҚР Ұлт тық Банкі жүргізетін мониторингке экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының қатысуының маңыздылығы

ҚР Ұлт тық Банкі жүргізетін мониторингке экономиканың  нақты секторы кәсіпорындарының қатысуының маңыздылығы
ашық дереккөз
ҚР Ұлт тық Банкі жүргізетін мониторингке экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының қатысуының маңыздылығы

Қазақстан Ұлттық Банкі ел экономикасының нақты секторында іскерлік ахуалды зерттеу үшін тоқсан сайын кәсіпорындар басшыларына пікіртерім жүргізеді. Нақты сектор мониторингі пікіртерімге қатысатын кәсіпорындардың жай-күйін, оның ішінде олардың өндірістік және инвестициялық белсенділігін, қаржылық жағдайын қадағалауға және талдауға мүмкіндік береді. Нақты сектор мониторингінің нәтижесін Ұлттық Банк жекелеген салалардың және жалпы Қазақстан экономикасының дамуын талдау және бағалау процесінде пайдаланады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 10 тамыздағы №119 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингін дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы бизнес ахуалға зерттеу жүргізуді реттейтін құжат болып табылады. Экономиканың нақты секторы кәсіпорындары мониторингінің негізгі мақсаттары экономиканың нақты секторындағы ағымдағы ахуалды шұғыл талдау, экономикадағы негізгі үрдістердің қысқа мерзімді болжамдарын әзірлеу және ақша-кредит саясаты бойынша шешімдер қабылданған кезде Ұлттық Банк басшылығын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету болып табылады. Ұлттық Банк жүйесіндегі кәсіпорындарға тұрақты мониторинг жүргізу Ұлттық Банк жүргізіп жатқан ақша-кредит саясатының нақты секторға, экономикадағы іскерлік және инвестициялық белсенділікке әсерін бағалауға және экономикалық конъюнктураның болашақтағы үрдістеріне қатысты баға беруге мүмкіндік беретін шұғыл әрі объективті ақпаратты тікелей кәсіпорыннан алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. 2018-2020 жылдарға арналған экономиканың нақты секторы кәсіпорындары мониторингін дамытудың тұжырымдамасының негізгі мақсаты – оның алдына қойылған міндеттерді шешу әдістерін жетілдіруге, сондай-ақ Ұлттық Банктің талдамалық жұмысындағы мониторинг нәтижелерін кеңінен пайдалануға бағытталған сапалы дамыту болмақ. Қазіргі уақытта кәсіпорындар мониторингінің деректері нақты сектордың кредит қабілеттілігін, салалар мен өңірлердің даму перспективасын, банктік көрсетілетін қызметтерге өңірлік және салалық сұранысты, іскерлік белсенділікті бағалауға, экономикалық даму циклын анықтауға, сондай-ақ кәсіпорындардың кредиттеу талаптарын бағалауы туралы ақпарат (қолайлы пайыздық мөлшерлемелер және кредиттеу мерзімдері, банктік өнімдер және банктерді іріктеу факторлары) алуға мүмкіндік береді. Сонымен, Ұлттық Банк жүргізетін мониторинг жүйесінің басымдылығы дәстүрлі статистикалық және қаржы есептілігі шеңберінде кәсіпорындардың қолы жете бермейтін ақпаратты алу мүмкіндігімен тұжырымдалады. Мониторинг нәтижелері ресми статистика органдарының материалдарын ешбір жағдайда ауыстыра алмайды, ал кәсіпорындарға неғұрлым қысқа мерзімде экономикадағы үрдістер серпінін, оған түрлі факторлардың ықпал ету дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша Ұлттық Банк еріктілік негізінде пікіртерімдер жүргізе отырып, кәсіпорынға пайдалы ақпарат жіберетін тең құқылы әріптес болып табылады. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, мониторинг жүйесіне қатысушы кәсіпорындарға ризашылығымызды білдіреміз және Ұлттық Банктің ортақ мүддесі үшін облыс кәсіпорындарын осы жүйеге қатысуға шақырамыз. Кәсіпорындар мониторингіне қатысу бойынша қосымша ақпараттарды алу үшін, ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалына, мына мекен-жай бойынша: Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 137, 302, 303, 304 кабинет немесе 8 (7262) 455981, 999348 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Сұлтанәлі Уәшев, ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының жетекші маман-экономисі.

Ұқсас жаңалықтар