Адалдық алаңынан табылайық

Адалдық  алаңынан  табылайық
ашық дереккөз
Адалдық алаңынан табылайық

«Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы өңірімізде жалғасын тапты

 class=

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін пайдалануды тапсырған-ды. Астанадан бастау алған «Астана – адалдық қаласы» бүгінде республикамыздың барлық облыстарында қолдау тауып, жүзеге асырылуда. Енді, міне, бұл жоба біздің облыста да қолдау тауып, ол облыс әкімі Асқар Мырзахметов төрағалық еткен актив жиынында қаралды.

Жиында өңір басшысы Асқар Исабекұлы сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың күн тәртібінен түспеген мәселе екенін айта келіп, жобаның негізгі мақсатына тоқталды. Яғни елордамыз Астанадан бастау алған бұл жобаның тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға, азаматтарға ыңғайлы жағдай жасауға, қоғамдық бақылауды жүргізуге, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталғанын айта келіп, сөзді баяндама жасау үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымоваға берді.
– Елбасымыз халыққа арнаған Жолдауында айтқандай, біздің басты стратегиялық мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Соның бір бағыты – елімізде сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу. Мемлекет басшысы Үкіметке жер қоры мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы мәліметтердің бірыңғай ақпараттық базасын жасауды, сондай-ақ қарамағындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін күшейту мәселелерін пысықтауды тапсырды. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін таратуды жүктеген болатын. Қазіргі таңда бұл республикамыздың барлық өңірінде қолдау тауып, бүгін Жамбыл жерінде жалғасуда. Біз сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлыққа деген жалпы төзбеушілікті қалыптастыру, Әулиеата өңіріндегі мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін арттыру мақсатында «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасының жарғысына қол қоямыз, – деді ол.
Осыдан кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков өңірдегі ведомстволық ұйымдарды оңтайландыру және жаңа еңбекақы жүйесін енгізу жұмыстарының жүргізілу барысы туралы баяндама жасады.
Жиын соңынан өңір басшысы Асқар Мырзахметов облыс активі, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен салтанатты жағдайда «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасының жарғысына қол қойды.

(Жалғасы 2-бетте).

Шара ТарМУ-дың М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында жалғасын тапты. Елбасы биылғы Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Бұл бастама қазақстандық жастардың жан-жақты дамуына, ел болашағының жарқын болуына мол мүмкіндік берері сөзсіз. Мұндағы еркін форматта өткен жиынды М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың ректоры Махметғали Сарыбеков ашып, жүргізді. Кездесуде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мен ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова «Жастар жылы» атты тақырып аясында өңір жастарымен еркін байланыс орнатып, өскелең ұрпақ бойында адалдық пен адамгершілік қасиеттерін арттыру, жемқорлықсыз қоғам қалыптастыру бағытында жастармен келелі әңгіме өткізді.
Кездесу барысында «Жастар жылына» қойылған үлкен міндеттер талқыланып, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі кеңінен сөз болды. Жиын соңында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың ректоры Махметғали Сарыбеков университеттің 60 жылдығына орай жарық көрген «Киелі Әулиеатаның келбеті» атты жинақты білімгерлер атынан Айгүл Шайымова мен Бибігүл Асыловаға тарту етті.
Бұдан кейін Тараз педагогикалық университетінде студенттерге арналған қызмет көрсету орталығы ашылды. Оның салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мен ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, «Сбербанк» АҚ Тараз қалалық филиалының директоры Дәурен Ақшалов пен университет ректоры Ержан Әмірбекұлы қатысты.
Бұл қызмет орталығы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру жұмысының негізінде ашылған болатын. Енді мұнда студенттер «электронды үкімет» порталы арқылы өздеріне қажетті құжаттарды ала алады.
Сонымен қатар университетте сатушысыз «Адалдық дүкені» ашылуының куәсі болдық. Дүкеннің жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесіне негізделген. Сатып алушы тек адалдық қағидалары бойынша өздеріне қызмет етеді. Яғни дүкенге келген мұғалім немесе білімгер өзіне қажет тауарды алған соң, ақшасын арнайы қорапқа салып кетеді.
Бүгінде ел экономикасының дамуына ықпал ететін маңызды басым бағыттардың бірі бизнесті қорғау және елде инвестициялық қолайлы ахуал қалыптастыру болып табылады. Осы ретте аймақтың бизнес қауымдастығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова кездесу өткізіп, өңір кәсіпкерлерін жемқорлыққа қарсы күрес науқанына қатысуға шақырды. Кездесуден кейін төраға орынбасары қауымдастық өкілдерінің сұрақтары бойынша жеке қабылдау өткізді.
Оларды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша төрағасы Мақсұт Нәлібаев бастап алып жүрді.

Марат Құлибаев

Суреттерді түсірген
Ақәділ Рысмахан.

Ұқсас жаңалықтар