Меркілік оқушылардың мерейі үстем

Меркілік оқушылардың  мерейі үстем
ашық дереккөз
Меркілік оқушылардың мерейі үстем

«Нұр Отан» партиясы «Балаларға тегін ІТ сынып» партиялық жобасы аясында республикалық онлайн-олимпиада ұйымдастырған болатын. Зияткерлік білім додасына еліміздің барлық аймағынан 5000-нан аса оқушы қатысты. Олимпиадада үміткерлер «Программалау», «Робототехника» және «3D-моделдеу» бағыттары бойынша бақ сынады. Онлайн-олимпиаданың қорытындысы да тікелей бейнебайланыс арқылы хабарланып, партия хатшысы Тамара Дүйсенова жеңімпаздардың есімдерін атап, жүлдегерлерді құттықтады. Жалпы, бұл білім бәсекесіне біздің өңірімізден 278 үміткер қатысқанын айта кеткен жөн. Солардың ішінде Меркі ауданында ашылған ІТ сыныпта білім алып жатқан жеткіншектер жүлдегерлер қатарына ілікті. Атап айтсақ, Т.Қожекеев атындағы мектептің 7-сынып оқушылары Нұрсұлтан Тұрғынбай мен Әмір Сүйінбай «Программалау» бағыты бойынша жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Оларға арнайы конструкторлар табысталып, онлайн оқуға бір жылдық тегін сертификат берілді. Жас жеткіншектердің ақпараттық технологияларды еркін меңгеруіне жол ашатын партиялық жоба шеңберінде республика көлемінде үш жылда 1000 ІТ сынып ашу жоспарланған болатын. Жарты жылдың ішінде ашылғаны 776-ға жетіп отыр. Ал біздің облысымызда бүгінде 13 ІТ сынып, 1 ІТ орталық және ІТ лицей 1300-ге жуық оқушыға білім беруде. ІТ сыныптардың санын арттыру бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Нұржан Туғанбай, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының баспасөз қызметінің жетекшісі.

Ұқсас жаңалықтар