Үш жасар баланы сүндеттеген кім?

Үш жасар баланы сүндеттеген кім?
ашық дереккөз
Үш жасар баланы сүндеттеген кім?

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сарыағаш ауданындағы Ескіқорған ауылында ерекше оқиға болды. Шекара маңында орналасқан аталмыш ауылдың үш жасар тұрғыны Ринат Махмұтұлы жұмбақ жағдайда сүндетке отырғызылған. Оқиға жұма намазының алдында болған. Адам сенбес оқиғаны алғаш рет Ринаттың әпкесі Жадыра көрген. Ол түске таман әлденеге мазасыздана берген інісін шомылдырып, салқын бөлмеге апарып ұйқыға жатқызады. Бірақ сәлден кейін інісінің шырылдап жылаған даусын естіп, бөлмеге кірсе, төсегінде жалаңбұт жатқан Ринатты көреді. Інісін ұйықтар алдында өзі кигізген шалбары біреу әдейі шешкендей, мұқият жиналып қойылған дейді. -Аллаға шүкір, жаратқан иеміздің кереметтерінің бірі шығар. Немеремнің өзі де жұма күні дүниеге келген еді. Енді, міне, қасиетті жұма күні, оның үстіне жұма намазына он минут қалғанда жұмбақ жағдайда мұсылман болып отыр. Осыдан біраз күн бұрын ғана дәл осынай жағдайда сүндеттелеген бала жөнінде газеттен оқып, өзара әңгіме еткен болатынбыз. Сондықтан болар, келінім онша қорқа қойған жоқ. Жатқан орнында ешқандай да дақ жоқ. Кесілген терісі де біраз күн өткендей, қарақотырланып, жазылып қалған, – дейді Әсемгүл апа. Ал, Ринаттың атасы болса бұл кереметті жақсылыққа жорып, бір қойын сойып, көпшілікті Құдайы тамаққа шақырып, Құран оқытыпты. Сондай-ақ, Бозсу ауылындағы мешіттің имамы Нұрмахан Әбдірахманұлының айтуымен Ринаттың атын ендігі жерде Абдолла деп атамақшы.

Азамат ТАЛАСИ.

Ұқсас жаңалықтар