"Астана" Дания чемпиондарын соңғы секундта сан соқтырды

"Астана" Дания чемпиондарын соңғы секундта сан соқтырды
ашық дереккөз
"Астана" Дания чемпиондарын соңғы секундта сан соқтырды

Ойында елордалық командаға жеңіс сыйлаған екі голды да алыс қашықтықтан Ласло Кляйнхайслер соқты."Астана" футбол клубы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында "Мидтьюлландты" ұтты. Елордада өткен кездесуде отандастарымыз 2:1 есебімен жеңіске жетті. Командалар арасындағы ойын 19 шілде күні дүниеден озған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алумен басталды. Елордалық команда бірінші таймда есеп ашты. 31 минутта Ласло Кляйнхайслердің алыстан тепкен добы "Мидтьюлланд" командасының қақпасында тулады. Дат командасы екінші таймда таразы басын теңестірді. 51 минутта Викхейм"Астана" қорғаушысынан сытылып өтіп, соққы жасады. Ненад Эрич жартылай қорғаушының жерлете тепкен добын қайтарып үлгермеді. Есеп теңескеннен кейін елордалық команда шабуылын үдетті. Соңғы минуттарға дейін гол соғуға ұмтылып, жеңіске бастар жолды іздеді. Негізгі уақытқа қосылған соңғы 4 минутта "Астана" алға шықты. Бұл жолы да Ласло Кляйнхайслер алыс қашықтықтан қақпаны тура көздеді. Есеп 2:1. Қос команда арасындағы қарымта кездесу 1 тамыз күні Данияда өтеді.

ақпараткөзі:vesti.kz

Ұқсас жаңалықтар