Пәтер сатып алуға мүмкіндік көбейіп келеді

Пәтер сатып алуға мүмкіндік көбейіп  келеді
ашық дереккөз
Пәтер сатып алуға мүмкіндік көбейіп келеді

Баста баспананың болуы кім-кімге де зор сенім сыйлайды. Жайлы, жылы, ең бастысы өз үйің, өлең төсегіңнің болуы – көп адамның арманы. Пәтерді бірден сатып алуға немесе қымбат ипотека ресімдеуге барлығымыздың бірдей мүмкіндігіміз бола бермейтіндіктен, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» осы жолда бірігуге шақырады: жарты соманы салымшы жинайды, қалған жартысын банк жылдық мөлшерлемесі 3,5-5 пайыз аралығындағы жеңілдетілген несие түрінде береді. Баспаналы болу үшін ақша жинау үшін не істеу керек? Әлбетте, бірінші кезекте «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшысы атану қажет. Сіз ақшаны 15 000 теңгеден бастап жинай аласыз. Бұл – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» келісімшартын күшіне енгізу үшін қажет сома. Ал депозит ашу үшін алынатын комиссия 2017 жылдың сәуір айынан бастап 0 теңге болды. Сізден керегі – тек біздің бөлімшеге келу немесе банк кеңесшісін үйге не жұмыс орнына шақыру. Мұндай кеңесшілер кешкі сағат 21:00-ге дейін, сондай-ақ демалыс күндері де шот ашып бере алады. Баспана туралы арманға бір табан жақындата түсетін ең басты екі қасиет – шыдам мен тәртіп. Банк жүзеге асырып отырған тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің басты ережесі – ақша жинақтау. Ал салымшының міндеті – қажет соманың 50 пайызына тең қаражаттың басын құрау. Мысалы, алғыңыз келетін үй 6 миллион теңге тұрса, сізге кем дегенде 3 жылдың ішінде 3 миллионнан аз емес сома жинау керек, сондай-ақ ең төменгі бағалау көрсеткішіне қол жеткізуге тиіссіз. Бұл көрсеткіш – салымшының қаржылық тәртібін білдіретін коэффициент. Оған жету үшін ай сайын тұрақты түрде ақша салып отыру жеткілікті болмақ. Депозиттер бойынша банк 13,3 пайызға дейін баратын ең жоғары тиімді мөлшерлеме ұсынады. Бұл жиналып жатқан ақшаға қосылатын 2 пайыздық банк сыйақысы мен 20 пайыздық мемлекеттік сыйлықақының арқасында мүмкін болып отыр. Мемлекеттік сыйлықақы 200 айлық есептік көрсеткіштен (481 000 теңге) аспайтын сома бойынша есептелінеді. Осы жылғы ең жоғарғы мемлекеттік сыйлықақы көлемі – 96 200 теңге (481 000 теңгенің 20 пайызы) көлемінде. Шоттағы қаражаттың көлемі 200 айлық есептік көрсеткіштен асып кетсе, мемлекеттік сыйлықақы берілмеген сома келесі жылы ескерілетін болады. Депозитте ақша жинаудың бұдан да тиімді тәсілі – «Отбасылық пакет». Бұл жағдайда екі, үш немесе одан көп отбасы мүшелері әр адамның атына шот ашып, оған қаражат салып отырады. Жыл соңында мемлекеттік сыйлықақы әр депозитке бөлек-бөлек беріледі. Ал несие алар алдында сіз туыс адамдар арасындағы депозиттерді біріктіріп жіберіп, тиімді шарттармен заем ала аласыз. Ал салымшыны несиелендіру қалай жүзеге асырылады? Банк салымшысы барлық талаптарды орындап, үй бағасының 50 пайызына тең соманы (мысалы, 5 миллион теңге) жинаған кезде, жетпейтін қаражатты «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жылдық мөлшерлемесі 3,5-5 пайыз аралығындағы несие түрінде береді. Ақшаны кемі үш жыл жинау – 5 пайыздық несие алуға қажет басты талап. Мүмкіндігі болып жатса, банк салымшысы бұдан да ұзақ уақыт жинай алады. Мысалы, 4 жыл салып отырса, кейін заем бойынша пайыздық мөлшерлеме 4,8 пайызға дейін төмендейді. Жинақ мерзімі өскен сайын, бағалау көрсеткіші де арта береді, сәйкесінше несие пайызы да азаяды. Заем бойынша ең төменгі жылдық мөлшерлеме 3,5 пайызға тең. Ал жинақ мерзімі үш жылдан аз болса немесе банк салымшысы өз бетінше жинап, үй бағасының жартысына тең ақшаны «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» депозитіне бірден салып тастаса, сыйақы мөлшерлемесі жоғарырақ, 7,5-8,5 пайыз аралығында болады. Мұндай мөлшерлеме шоттың ашылғанына 3 жыл толғанға дейін қолданылады. Бұл – «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы» Заңның талабы. Дәл осы себепті банк клиентіне шыдамдылық танытып, қаржылық тәртіпке жүгіну керек, сонда ол елдегі ең төмен пайызбен несие ала алады. Қаржы бақылауын қолға алған салымшыларға берілетін тағы бір артықшылық бар. Мұндай клиентке заем беру барысында банк оның табыс көлеміне баса мән бермейтін болады. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» клиенті атанған соң сіз жаңа пәтерді де, нарықтағы пәтерді де, жер үй немесе жер телімін де сатып ала аласыз. Сондай-ақ несие ресімдеп, жөндеу жұмыстарын жүргізуге де болады.

Бердияр ҚҰТТЫБАЕВ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының сату және дамыту бөлімінің басшысы.

Ұқсас жаңалықтар