Жұмыссыздар санын азайту – басты мақсат

Жұмыссыздар санын азайту – басты мақсат
ашық дереккөз
Жұмыссыздар санын азайту – басты мақсат

Қазір әлем елдерінің әлеуметтік әлеуеті, жалпы хал-ахуалы ондағы халықтың жұмыспен қаншалықты қамтылғандығымен де өлшенетіні белгілі. Себебі экономикалық өсуге жұмыссыздықтың тигізер әсері айтарлықтай зор. Осыған орай жұмыссыздықпен күрес әрбір мемлекеттің қашанда басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Елбасының осыдан жеті жыл бұрынғы Жолдауында жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы белгіленіп, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасын әрбір қазақстандықтардың отбасына жеткізу көзделсе, осы тапсырма бүгінде кеңінен жүзеге асырылып, өз нәтижесін беруде. Атап айтар болсақ, бұл бағытта Жамбыл ауданында өткен жылғы жұмыстар да көңіл көншітеді. Айталық, былтыр 500-ден аса адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданып, оның 32,6 пайызы яғни 167-сі жұмыспен қамтылған. Қалған азаматтардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігі ұлғайды деуге толықтай негіз бар. Бағдарламаның мүмкіндіктерінің бірі де осы кадрлар даярлау жүйесінің бәсекеге қабілеттігін арттыру және еңбек ресурстарының сапасын арттырудың іске асуы екендігін осы жерде ескерусіз қалдырмау керек. Оған қоса, қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өткен азаматтарды толығымен жұмыспен қамту ешбір салаға міндеттелмеген. Сонымен қатар бұл салада аудан бойынша өткен жылы сыбайлас жемқорлық әрекеттері тіркелмегенін де тілге тиек еткім келеді. Ал ағымдағы жылы ауданда кешенді жоспар бойынша 2 732 адамды жұмыспен қамту көзделсе, 5 ай ішінде 997 адам жұмыспен қамтылған. Ол жоспардың 36,4 пайызға орындалуын көрсетеді. Оның ішінде 165 қысқа мерзімді кәсіптік оқу арқылы, 315 адам тұрақты жұмысқа, 73 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 171 адам жастар тәжірибесі бойынша, 209 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сондай-ақ кәсіпкерлік негіздерін оқытудың бірінші кезеңі бойынша 57 адам және 7 азаматқа қайта қаржыландыру қаражаты есебінен шағын несие берілді. Есептік мерзімде жұмыспен қамту бөліміне 1163 адам жұмысқа орналасуға өтініш білдіріп, оның 768-ы қамтылды. Уәкілетті органдар арқылы жұмыспен қамтылу деңгейі – 66,0 пайызды құрады. 2018 жылға «Өрлеу» жобасы шеңберінде 11,043 мың теңге бөлінсе, есепті кезеңде 136 отбасындағы 958 азаматқа бұл қаражат толығымен тағайындалып, төленді. Биыл 40 мүмкіндігі шектеулі азаматты жұмыспен қамту жоспарланған. Бес айда жұмыспен қамту орталығының ықпал етуімен мүмкіндігі шектеулі 21 азаматты жұмыспен қамтып, жоспарды 52 пайызға орындап отырмыз. Оның ішінде 5 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға, 4 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 1 адам жастар тәжірибесімен, 9 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 2 адам тұрақты жұмысқа тартылды. Бүгінде аудан бойынша ресми тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны – 857 адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,5 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткішті әлі де жақсарта түсу үшін, барлық жоспарға қол жеткізу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл соңына дейін жамбылдықтар жұмыспен қамтудың тиісті жоспарлы көрсеткіштерін орындауға барынша тырысады.

Асқар Жанқоразов, аудандық «Жұмыспен қамту орталығының» директоры.

Жамбыл ауданы.

Ұқсас жаңалықтар