Дәрігердің демеуі

Дәрігердің демеуі
ашық дереккөз
Дәрігердің демеуі

Қашанда қамкөңіл жандарға қолұшын созып, демеу көрсетуге дайын тұратын жандар бар. Соның бірі – облыстық мәслихаттың депутаты, «Мейірім» медициналық орталығының директоры Гүлдара Нұрымова. Кәсіпкердің көптеген отбасына жылу сыйлап, демеу болып жүретінін жиі еститінбіз. Осыны іс жүзінде дәлелдеген Гүлдара Алданышқызы облыстық «Аq jоl» газетінің бастамасымен қолға алынған «Наурыз – ізгілік айы» акциясына үн қосып, қолдау көрсетті.Дәрігерлерді ақ халатты абзал жандар деп бекер атамаса керек. Олар адам жанына араша болумен қатар, қамкөңіл адамдарға жылу сыйлай алады. Өзі дәрігер болғаннан шығар, оған сырқат баланың жайы жақсы таныс. Сондықтан депутат мүгедек бала бағып отырған, күйеуі тұрақты жұмыс істемейтін бір отбасын (аты-жөнін атамауды сұрады) демеп жіберуді жөн көріп, азық-түлік және қаржылай көмек көрсетті. «Қолұшын созсақ деген ізгі ниетімізді, ақжарма көңілімізді қабыл алыңыз. Балаларға аз да болса септігі тисін. Біз барлық мәселені шеше алмаймыз ғой», – деді Гүлдара Алданышқызы. Қолында барымен бөлісіп, адамға ізгілік жасаудың өзі – абыройлы, қайырымды іс.

Камила Борашова

Ұқсас жаңалықтар