Чемпион ұстаздарына құрмет көрсетті

Чемпион ұстаздарына  құрмет көрсетті
ашық дереккөз
Чемпион ұстаздарына құрмет көрсетті

Халқымыз шат-шадыман көңіл-күймен тойлайтын Наурыз мерекесін тараздықтар айрықша көңіл-күймен атап өтті. Көрісу күнінде даңқты боксшы, Афины Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев өзі білім алған №44 орта мектебіне барып, ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын ұсынды. Дәл осы сәтте бұл мектепте «Қош келдің, төрлет, Наурызым» атты мәдени-сазды мерекелік кеш өтіп жатқан болатын. Олимпиада чемпионы осы шараға да ортақтасты. Әсіресе Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «100 кітап» жобасы және «Латын әліпбиі – мемлекеттік тіл тірегі» атты көріністер көпшіліктің көңілінен шықты. Осы мектептің 4-сынып оқушысы, республикалық «Бала дауысы» байқауының лауреаты Айлун Заушева патриоттық әндерін шырқап, көпшілік көңілін баурады. Жиын соңында оқушылар дайындаған қолөнер бұйымдарының көрмесі қонақтар назарына ұсынылып, көпшілікке наурыз көже таратылды. Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Мүбәрак Жинақбаева ұлттық мереке аясындағы іс-шараның жоғары деңгейде өткенін айтты. Ал орта мектеп директоры Баймұрат Жақсыбеков кешті тамашалаған қонақтар мен ата-аналарға алғысын білдірді.

Е.Жаңабайұлы

Тараз қаласы

Ұқсас жаңалықтар