Жамбылда дауылдық ескерту жарияланды

Жамбылда дауылдық ескерту жарияланды
ашық дереккөз
Жамбылда дауылдық ескерту жарияланды

«Казгидромет» РМК облыстық филиалы дауылдық ескерту жасады. Мекеменің хабарына сәйкес, 26-28 ақпан күндері Жамбыл облысының аласа таулы өзендерінде ауа температурасының жоғарлауына және жаңбыр күтілуіне байланысты су тасу, баурайы және жергілікті ағын қалыптасуы күтіледі.

Сондай-ақ, 27-28 ақпан күндері Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел тұрады. Желдің екпіні секундына әр жерлерде 15-20, 23-28 метр болуы мүмкін. 27 ақпанда таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында кей уақыттарда 30 м/с және аса жылдамдықта жел тұруы ықтимал. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Тараз қаласында 27 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі. Тұман түсуі мүмкін.

Бұдан бөлек, 27-28 ақпан күндері Жамбыл облысының таулы аудандарында қар көшкіні жүруі мүмкін. Осы себепті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар