Қоғамдық сананы жаңғырту – әрбір азаматтың парызы

Қоғамдық сананы жаңғырту – әрбір азаматтың парызы
ашық дереккөз
Қоғамдық сананы жаңғырту – әрбір азаматтың парызы

Облыстық ішкі істер департаменті Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ақпараттық-насихаттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және құқықтық кеңес беру мақсатында аудандарды аралап тұрғындармен кездесу өткізуде. Шараға жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдар, «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілдері де қатысуда. «Облыстық ішкі істер органдары қызметкерлері тікелей қызметтерімен қатар, қоғамның рухани жаңғыруында азаматтық тұрғыда өз үлестерін қосуды басты міндет деп санайды. Елбасының бағдарламалық мақаласында атап көрсетілгендей, қоғамдық сананы жаңғыртуда, дәстүрі мен салтын сақтаған біртұтас ұлт болуда бірлескен күштің алар орны зор. Бұл тұрғыда қызмет ету әрбір азаматтың парызы деп есептейміз. Облыс полициясының ақпараттық-насихаттық тобының аудан тұрғындарымен кездесудегі негізгі мақсаты да осыған саяды», – дейді ІІД басшысының баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова. Насихаттық топ өз жұмысын Сарысу ауданы тұрғындарымен кездесуден бастады. ҚР заңгерлер кеңесінің мүшесі Өрнекбай Смайылов мемлекеттің саяси және экономикалық өзгеруінің іргетасы – қоғамның рухани жаңғыруы екендігін атап өтті. Кездесу барысында кеңес берушілер мен тұрғындар арасында ашық сұхбат орын алып, жиналғандар бағдарламалық мақала жөнінде де ішкі істер саласы бойынша да толғандырған мәселелері бойынша қажетті ақпараттар алды. Азаматтық қоғамның дамуы, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бағытында ішкі істер органдарымен тығыз қарым-қатынас жасап, өз үлестерін қосқан аудан әкімдігінің, «Нұр Отан» партиясы филиалының қызметкерлері, ішкі істер органдары ардагерлері мен қызметкерлері Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай ІІД басшысы, полиция генерал-майоры Т.Маткеновтің Алғыс хатымен марапатталды. Шара соңы республикалық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы департаменттің «Арлан» вокалдық-аспаптық ансамблінің концерттік бағдарламасына ұласты. Әрбір қазақстандықтың жаһандық жаңаруға талпынуы – дамыған мемлекет тұғырына көтерілудің басты жолы.

Шынар сағиева, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар