Шаһар басшысы ауызашар берді

Шаһар басшысы ауызашар берді
ашық дереккөз
Шаһар басшысы ауызашар берді

Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет «Бақ сарайы» мейрамханасында ораза ұстаған 250 адамға дастархан жайып, ауызашар берді. Бұл шара ҚМДБ-ның облысымыздағы өкілі Данияр Жұмабаевтың мақам созып, құран оқуымен басталды. Мұнан соң «Асыл арман» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ринат Нұрақбаев исламды ардақтаудың маңызы жөніндегі ойларымен және әнші Бекзат Сәкенұлының ұлағатты термелерімен жиын жалғасын тапты. Кейіннен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, облысымыздың белсенді ардагері Оңласын Есіркепов, Тараз қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Қаржаубай Бекболатов сөз сөйлеп, шаһар басшысының қасиетті айды құрметтеуін жоғары бағалап, қаланың бүгінгі жетістіктеріне тоқталып, ауызашар берген азаматтың отбасына, жұмысына береке-жақсылық тіледі. Бұдан соң Тараз қаласының әкімі сөз алып ауызашарға жиналған көпшілікке алғысын айтып, Елбасының ерен еңбегімен еліміздің қол жеткізген зор табыстарына тоқталды. Ол Елордада басталған ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі мемлекетіміздің биік беделін көрсететінін айтып, Тараз қаласындағы игі істерге де тоқталып өтті. Тараз қаласының бас имамы Қанат Жұмағұлов исламның асыл құндылықтары жөнінде ұлағатқа толы сөздерімен жұртты жақсы амалдарға шақырып, әруақтарға бағыштап құран оқыды.

Есет ДОСАЛЫ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар