Ақылбек атақты Пифагордан асып түсер ме екен?

Ақылбек атақты Пифагордан асып түсер ме екен?
ашық дереккөз
Ақылбек атақты Пифагордан асып түсер ме екен?
Әлемде ғасырлар бойы шешімі табылмай келе жатқан 3 есеп бар. Соның біреуін 20 жастағы атыраулық Ақылбек Көпжасаров шығарды. Ол шығарған есеп бұрыштың үш секциясы туралы. Есептің шығарылғанын Филдсовск сыйлығы комитеті мен Еуропадағы математиктердің қауымдастығы растады. Ақылбек шешімі жоқ есеп жайлы факультативтік сабақтың бірінде өз ұстазы аузынан 15 жасында естіпті. Содан бері ол қолы қалт етсе, осы есепті шығаруға тырысқан. Ақыры ол мақсатына жетіп, күрмеуі қиын есепті шығарды. Сөйтіп оны Еуропадағы математиктер қауымдастығына жолдаған. 2 айдан соң олардан жауап келіпті. Сөйтсе еуропалық математика конгресі қазақ баласын 2018 жылғы сыйлыққа ұсынатынын жазып, шығарған есебін сол қауымдастықтың сайтына орналастырады. Сол кезден бастап дүниежүзі математиктерінен Ақылбекке хат қарша бораған. Ал Ақылбек сол хаттың бірінде есептің дұрыс еместігі жазылып, дәлелденсе қайтемін деп қатты қобалжыпты. Бірақ бірде-бір математик Ақылбек шығарған есепке әзірге күмән келтірмеген. Нобель сыйлығы секілді математиктерге тағайындалатын Абель сыйлығынан Ақылбек үмітті екенін жасырмайды. Оның гонорары 1 миллион доллар көрінеді. Ал Абель сыйлығының иегерін Халықаралық математикалық одақ пен Еуропадағы математиктердің қоғамы тағайындайтын бес ғалымнан тұратын комитет анықтайды. Дүниежүзі ғалымдарын Ақылбектің жастығы мен ешқандай ғылыми атағы жоқтығы таңғалдырыпты. Ал Ақылбектің өзі ғылыми атаққа ешқашан қызықпаған, ол бос уақытын осындай есепті шығаруға жұмсаған. Студент Ақылбек техникалық заттар сататын дүкенде жұмыс істеп, ата-анасына ауыртпалық түсірмеген. – Математикалық сайттарға кіріп, осы есепті шығаруға тырысқан адамдардың тәжірибесін әбден зерделедім. Барлық амалды қолданып көрдім, болмады. Ең соңында Киперт гиперболасын Гильберт дәлелімен және үшінші шеңбер ережесімен қолданып көруге тырыстым. Содан шыға келді, – дейді Ақылбек.

«Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар