Тұғырыңнан түспе, «Таразым»!

Тұғырыңнан түспе, «Таразым»!
ашық дереккөз
Тұғырыңнан түспе, «Таразым»!

Жыл құсындай жылылығымен жеткен наурыз айы футбол десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер үшін жағымды жаңалығы мол кезең. Өткен маусым қорытындысы бойынша бірінші лигаға түсіп қалған «Тараз» футбол клубы Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының шешімімен премьер-лигаға қайта оралып отыр. Жаңа маусымды жаңа жаттықтырушымен бастайтын «Тараз» футбол клубының ойыншылары алғашқы кезеңде Қарағандының «Шахтерін» өз алаңымызда қабылдайды. Шығыс Қазақстанның «Алтай» командасының орнын басқан жерлестеріміз осы бір тамаша мүмкіндікті сәтімен пайдалануы тиіс. Жалпы, өткен маусымда сүреңсіз ойнаған жамбылдық ұжым ағымдағы маусымда ширақтық танытады деген ойдамыз. Қазіргі таңда жанкүйерлердің көкейінде сенім оты маздап тұр. Өйткені білікті бапкер Ваит Талғаев «Тараздың» бас жаттықтырушысы қызметіне кірісті. Талғаевтың тұсында, ілгеріде «Тараз» футбол клубы сол кездегі суперлига аталған бәсі басым біріншілікте топ жарып, ел чемпионы атанғанын ұмытқан жоқпыз. Демек, жанкүйерлер Талғаев бапкерге үлкен үміт артып отыр. Кезінде «Тараз» футбол клубын төрге сүйреген, Жамбыл футболының түлегі Ваит бапкер сол сенім үдесінен шығады деген сенімдеміз.

Барат Мыңбосынов.

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар