Әлемдік даму талаптарына сай

Әлемдік даму талаптарына сай
ашық дереккөз
Әлемдік даму талаптарына сай
Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің төрағасы, республикалық насихат тобының мүшесі Нұрболат Айдапкелов облыстық статистика департаментінің мәжіліс залында осы саланың өкілдерімен кездесу өткізді. IMG_3990-Жиында алғаш сөз сөйлеген Нұрболат Серғалиұлы Елбасы 20 жылдан бері Жолдау жариялап келе жатқанын, оларда болашаққа нақты бағдарлар жасалатынын, биылғы жылдың маңызды құжаты жаңа форматта ұсынылғанын атап өтті. Комитет төрағасы Елбасы Үндеуінде айтылғандай, конституциялық реформалау арқылы Президент өкілеттіктері Үкімет пен Парламентке берілгенімен, біз Президенттік басқарудағы республика болып қала беретінімізді баяндады. Астаналық өкіл одан әрі биылғы Жолдаудың маңыздылығына жан-жақты тоқталды. Ол Елбасы Жолдауында айтылғандай, Қазақстанның Үшінші жаңғыруы – «2050» Стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болатынын, «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары базасында өткізілетінін, суармалы егіс алқабын 5 жыл ішінде 40 пайызға ұлғайтып, 2 миллион гектарға жеткізу, ауыл шаруашылығын әртараптандырып, 2021 жылға қарай азық-түлік тауары экспортын 40 пайызға ұлғайту міндеті біздің аграрлық сектордың экономиканың жаңа драйверіне айналуын жеделдететінін атап өтті. Сондай-ақ, құрылыс қарқынын арттыру, жаңа технологияларды енгізу арқылы жаңа индустрия құрып, жұмыспен қамтуды ұлғайту, азаматтардың нақты табысының өсуіне мүмкіндік беретінін, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтау оларды жою жұмыстарының күшеюіне ықпал ететінін баяндады. Нұрболат Айдапкелов Елбасының әлемдік даму талаптарын ғана емес, «Төртінші өнеркәсіптік революция» мүмкіндіктерін де толығымен меңгергендігін атап өтіп, статистика саласының мамандарын Жолдауды қолдауға, түсінуге, оны басшылыққа алып еліміздің дамуы жолында еселі еңбек етуге шақырды. Мұнан соң облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары Ерлан Тоққұлиев сөйлеп, Елбасының жаңа Жолдауы жамбылдықтарға ерекше серпін бергенін, статистика саласының мамандары да бұл маңызды құжатты толық қолдап, түсініп, алдарына бағдаршам етіп ұстанып отырғанын жеткізді. Жиынды облыстық статистика департаментінің басшысы Сырым Мәдиев қорытындылап, Елбасы Жолдауының маңызы зор екеніне тоқталып, маңызды құжатты жан-жақты түсіндірген Нұрболат Айдапкеловке жиналғандар атынан алғысын білдірді. Суретті түсірген Ақәділ Рысмахан.

Ұқсас жаңалықтар