Жерімізді өзгелердің иеленуіне жол берілмейді

Жерімізді өзгелердің иеленуіне жол берілмейді
ашық дереккөз
Жерімізді өзгелердің иеленуіне жол берілмейді
Билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі реформаларды жеделдетіп жүргізу – уақыт талабы. Себебі, бұл демократиялық, зайырлы қоғам құруды мақсат еткен тәуелсіз мемлекетіміз үшін аса қажет. Бұл туралы «Таразэнергоорталық» акционерлік қоғамы қызметкерлері арасында өткен Президенттің құзырына жататын әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі бірқатар өкілеттіктерді Парламент пен Үкіметке бөліп беру туралы Елбасымыздың Үндеуін талқылау мақсатында «Таразэнергоорталық» акционерлік қоғамы қызметкерлері арасында өткен жиында айтылды. «Таразэнергоорталық» АҚ басшысының экономика мәселелері жөніндегі орынбасары Ерлан Шарипов ашып, жүргізген жиында «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Қасымхан Төлендиев Конституцияға енгізілетін өзгерістердің қоғам үшін аса маңызды екенін атап өтті. – Билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді етудің маңызы зор. Себебі, осы реформа арқылы Парламенттің рөлі күшейтілетін болады. Яғни, Парламент сайлауында жеңіске жеткен партия Үкімет құрамын жасақтауға тікелей ықпал ете алады. Биліктің заң шығарушы тармағы қызметіне лайық емес министрлерді орнынан алып тастауға да құқылы. Билік алдында осындай жауапкершілік жүгін арқалаған Үкімет осыдан кейін атқарушы органдарға өз бақылауын күшейтетін болады. Бұл өз кезегінде мемлекеттік басқару тиімділігін арттырмақ. Тағы бір ерекше тоқтала кетер жайт, «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасындағы 26-баптың жаңа редакциядағы нұсқасы. Онда «Қазақстан Республикасының азаматтары» деген сөздің «әркім» деген сөзбен алмастырылуынан қорқатын ештеңе жоқ. Бұл Қазақстан Республикасында жұмыс істеп, табыс тапқан қазақстандық немесе шетел азаматының өз мүлкін жеке меншігінде ұстай алуын қамтамасыз етеді. Себебі, инвесторлар қаржыны саяси тұрақтылығы орныққан, бірлігі мығым, тыныштықты қалайтын мемлекетке салғанды жөн көреді. Біздің мемлекетіміз осы талапқа сай болғанымен, олардың табысы мен өздерімен бірге ала келген мүлкінің қорғалуы бұрын заң жүзінде күмән тудыратын. Егер заң жобасындағы жаңа нұсқа қолданысқа енгізілетін болса, олардың біздің мемлекетке алаңсыз инвестиция салуына жол ашылады. Бұл заң сол үшін керек болып отырғанын түсінуге тиіспіз. Ал шетелдіктердің біз қауіптенгендей жерімізді иеленуіне Конституциямыздың 6-бабының 3-тармағы жол бермейді, – дейді ол.

Нұрым сырғабаев, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар