Береке, бірлік жемісі, жасампаз жұрттың жеңісі

Береке, бірлік жемісі, жасампаз жұрттың жеңісі
ашық дереккөз
Береке, бірлік жемісі, жасампаз жұрттың жеңісі

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында атап көрсеткендей, еліміз табысты өткен екі жаңғыру арқылы мол тәжірибе жинап, үшінші кезеңге батыл қадам басып отыр. Жаңа кезеңнің талаптары да күрделі. Бастысы мемлекетіміз қазіргі әлем елдерінде қалыптасқан жағдайға қарай жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімінің жаңа моделін құруы қажет. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев өркениет көшіне бастайтын өркенді істерді жүзеге асыруға біздің өңіріміз дайын дейді. Облыс халқына есеп беру кездесуінде Кәрім Нәсбекұлы алға қойған міндеттерді іске асыру үшін барлық алғышарттар мен мүмкіндіктер барын айтты. Жыл ішінде атқарылған жұмыстардың нәтижесі сараланған алқалы жиынға Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов және бірқатар орталық орган басшылары қатысты. Әлем қарқынды түрде өзгеруде. Уақыт сын-қатерлердің қаупі сейілгенін күтпейді. Сол себепті, әр жылға жоспарланған жұмыс дер кезінде орындалуы тиіс. Бүгінгі істі ертеңге қалдыруға болмайды. Облыс әкімінің есепті баяндамасынан былтыр жыл ішінде көптеген жобалар мен игілікті істер жүзеге асырылғанын, биылғы бастамалардың ауқымы одан да кең екенін естіп, осыған көз жеткіздік. Кәрім Көкірекбаевтың халыққа есеп беру кездесуі бейнебайланыс режімінде өтіп, оған барлық аудандар қосылып, 3 мыңға жуық тұрғынға өңір басшысының баяндамасын тыңдауға мүмкіндік туды. Өңірдегі толағай табыстарға, жасампаз жобаларға кеңінен тоқталған облыс әкімінің баяндамасын оқырмандарға толықтай ұсынып отырмыз.

бұл – қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосатын кезең

«2016 жыл Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының алғашқы жылы болды. Еліміз ең маңызды қоғамдық саяси оқиға –Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын абыроймен атап өтті. Біздің ширек ғасыр ішіндегі табыстарымыз бен жетістіктеріміз аз емес. Қазақстан әлемде экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің екі жылға тұрақты емес мүшесі болды. Биыл Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтеді. Мұның барлығы – Ұлт Көшбасшысының әлемдік аренадағы жоғары беделі мен еліміздегі экономикалық тұрақтылық, қоғамдағы келісім мен этносаралық татулықтың жемісі. Мемлекет басшысы таяуда конституциялық реформалар туралы Үндеуін, халыққа кезекті Жолдауын жариялап, еліміздің Үшінші жаңғыру кезеңіне қадам басқанын мәлімдеді. Аталған бағдарламалар саяси және экономикалық жағынан ауқымды жаңғырту реформаларының жаңа кезеңін айқындап, елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін болады. Бұл – Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосатын кезең. Қазір облыстың елді мекендерінде, еңбек ұжымдарында осы айтулы екі құжаттың маңыздылығы талқыланып, халыққа түсіндірілуде. Мемлекет басшысы өз Жолдауында экономиканы жеделдетілген технологиялық жаңғырту, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын жетілдіру, институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелеріне қатысты батыл қадамдарды белгілеп берді. Жолдау тапсырмаларын іске асыруға бағытталған жалпыұлттық жоспар бекітіліп, Үкіметтің нақты индикативті көрсеткіштер белгіленген іс-шаралар жоспары әзірленді. Бұл атқарушы органдарға, жалпы қоғамға үлкен міндеттер мен жауапкершілік жүктейді. Алға қойған міндеттерді іске асыру үшін біздің облыста барлық алғышарттар мен мүмкіндіктер бар.

Құрметті жамбылдықтар! Бүгін барлық салаларда атқарылған жұмыстардың негізгі көрсеткіштерін баяндаймын. Олардың ішінде нәтижелі жетістіктеріміз де, тетігін тауып, қосымша шаралар қолданылатын бағыттар да бар. Қалай десек те, барлық істің бағасын тұрғындар береді. Қазіргі қиын кезеңге қарамастан, экономиканың барлық саласында өңірімізде өрлеу байқалады. 2016 жылы экономиканың базалық салаларында өндірілген өнім жалпы ішкі өнім индикаторының 103,4 пайызын құрады. Тамақ өнімдерінің өндірісі 2,4 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімдері 8,1 пайызға, құрылыс материалдарын өндіру 4,2 пайызға өсті. Алдыңғы жылмен салыстырғанда негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 6,2 пайызға артып, 215 миллиард теңгені құрады. Сыртқа сауда 4,2 пайызға өсіп, экспорттық тауарлар 1,6 есеге артып, импорттық тауарлар үлесі 19,4 пайызға төмендеді. Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда 2016 жылдың 10 айында 12,7 пайызға азайды. Оның ішінде экспорт 3,5 пайызға, импорт 17,2 пайызға төмендеген. Бөлшек сауда айналымы 0,4 пайыз, яғни 217,5 миллиард теңгені құрады. Көтерме сауда 24,8 пайызға кеміді. Ал жүк айналымы 2015 жылдың деңгейінде сақталып қалды. Қызмет көрсету табысы 6,8 пайызға төмендеді. Былтыр желтоқсан айында инфляция деңгейі 2015 жылғы 108,4 пайыз деңгейінде сақталып қалса, азық-түлік 9,1 пайызға, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 8,5 пайызға, ақылы қызметтер 7,6 пайызға көтерілді. Бюджет кірістері 2015 жылмен салыстырғанда 9,0 пайызға артып, 221 миллиард теңгені құрады. Ал шығыстар көлемі – 99,9 пайыз. Мемлекеттік бюджетке 71,2 миллиард теңге салықтар және басқа да түсімдер түсіп, жоспар 7 пайызға артығымен орындалды. Экономикалық өсімнің арқасында орташа жалақы көлемін 7,2 пайызға, ақшаға шақсақ, 102722 теңгеге өсіруге мүмкіндік туды. Бюджеттік түсімдердің өсуіне республикалық мүлікті жариялау науқанының тікелей әсері бар.Облыс бойынша 47,6 миллиард теңгені құрайтын 9974 жылжымайтын мүлік және 17,6 миллиард теңге қаржы рәсімделді. Бұл – республика бойынша 5-ші көрсеткіш. Өткен жылы әрі қарай сатып алу құқығымен 9 нысан сенімгерлік басқаруға берілді. Оның біреуі – «Рауан» сауықтыру лагері болса, екіншісі – «Тараз Тұрғын үй» ЖШС. Қалған 7 нысан емдеу мекемелері. Осы мекемелердің өзі облыстық бюджетке 13,5 миллиард теңге түсім түсірді. Осы жерде мына нәрсені айта кеткен жөн, сенімгерлік басқаруға берілген нысандардан, әрине, кәсіпкер табыс табуы тиіс. Бірақ, ол үшін алдымен, сол жұмысқа инвестиция салып, салалық құрылымына қарай мекемелердің жұмысын жандандыруы керек. Сол себепті, қаржы және денсаулық сақтау басқармаларына сенімгерлік басқаруға берілген мекемелердің жұмысын бақылауда ұстауды тапсырамын.

Өрге басқан өнеркәсіп

IMG_4303 IMG_4296 IMG_4286Қолға алған осы шаралардың аясында 2017 жылы 16 мекемені жекешелендіру жоспарланған. Бұл жұмыс 2018 жылы аяқталуы тиіс. Былтыр кәсіпорындарда өндірілген өнім көлемі 339 миллиард теңгені құрады. Әсіресе, кен өндіру өндірісі көлемі 8,0 пайызға өскенін айта кету керек. Жыл қорытындысы бойынша жақсы нәтиже көрсеткен өндіріс орындары бар. Тараз қант зауытында өндірілген өнім көлемі 55 пайызға, «KazFerro» ЖШС-ында 2,4 есеге, «Алтыналмас» алтын өндіру 48 пайызға, «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС-ында өндіріс 6,6 есеге, «Запчасть» акционерлік қоғамында 17 пайызға артқан. Өнеркәсіп өндірісінің дамуына Индустрияландыру картасына енгізілген кәсіпорындардың тигізген ықпалы көп. Былтыр олар 37,2 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Олардың өнеркәсіптегі үлесі 11 пайызды, өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 15,7 пайызды құрады. Индустрияландырудың екінші бесжылдығында облысымызда жалпы құны 513 миллиард теңгені құрайтын 35 инвестициялық жоба іске қосылатын болады. Бұл өз кезегінде 5,5 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Есепті жылда 20,5 миллиард теңгені құрайтын 10 жоба іске қосылып, 500 тұрақты жұмыс орны ашылған болатын. Ал ағымдағы жылы 15 миллиард теңгенің 12 инвестициялық жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл жобалар ішкі сауда ғана емес, сыртқы сауданы дамытуды, яғни, экспорттық өнімдердің көлемін арттыруға бағытталған. Оларды іске қосқанда 1340 жаңа жұмыс орны пайда болады деп күтілуде. Солардың ішіндегі ең ірісі – Мойынқұм ауданындағы «Ер Тай» ЖШС-ның «Ақсүйек» кен-байыту фабрикасы. Жобаның жалпы құны 1,2 миллиард теңгені құрайды, онда жылына 15,5 мың тонна өнім өндіріледі деп жоспарлануда, егер бұл фабрика іске қосылса, 300 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Өнеркәсіп туралы сөз еткенде, «Қазфосфат» ЖШС фосфор өндірісінің бұрынғы даңқын қайтарып жатқанын айтуымыз керек. Өткен жылы желтоқсан айында химиктер жылына 5 мың тонна фосфор-калий тыңайтқышын өндіретін өндіріс цехын іске қосты. Жаңа цехтағы арнайы блок қоюдың арқасында ауаға жылына 70 миллион текше метр азот бөлінетін болады. Екі кәсіпорын да бір жарым миллиард теңге қаржы салу арқылы миллион тонна қалдықты жою мәселесін шешіп отыр. Индустрияландыру күні Қазақстанда экстракциялық фосфор қышқылын өндіретін жаңа цех іске қосылды. Оның жалпы құны 9,6 миллиард теңгені құрайды. Былтыр «Жамбылгипс» АҚ Алматы облысында ғана өндірілетін гипс және микрокальцит өндіретін жаңа екі цехын іске қосты. Ресейлік «ЕвроХим» компаниясының жылына 1,4 миллион тонна минералды тыңайтқыш өндіретін жобасы бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Дәл қазіргі уақытта Сарысу ауданында жылына 1 миллион тонна минералды шикізат өңдейтін кешеннің құрылысы жүргізілуде. Жоба бойынша жұмыстар басталғалы бері 203 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынды. Кәсіпорын іске қосылғанда 2500 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Отандық химия өнеркәсібінде баламасы жоқ, натрий цианиді өндірісі бойынша «TalasInvestmentCompany» ЖШС өз жұмысын бастады. 600 жұмыс орны ашылды. 2018 жылы компания жоспарлаған өнімді өндіреді. Өнеркәсіптегі өрлеу «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының құрылуына байланысты. Бүгінде арнайы экономикалық аймақтың 5 қатысушысы тіркелген. Олар каустикалық сода, хлор, үшхлорлы фосфор, глифосат, пестицид, метанол өндірісі бойынша 6 өндіріс орнын ашуды жоспарлап отыр. Жалпы, инвестициялық жобалардың құны 273 миллиард теңгені құрайды, мұнда 1000 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Мемлекет есебінен аталған аймақта инфрақұрылымдық жүйелер құрылысы салынып, аяқталуға жақын. Жалпы құны 2,3 миллиард АҚШ долларын құрайтын титан-магний кенін өндіретін тау-кен комбинатының құрылысын салу бойынша Қазақстан-Қытай жобасына да үлкен үміт артып отырмыз. Қазір осы жоба бойынша Қордай ауданындағы «Тымлай» кен орнында геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде. Соңғы өнімді сатып алушы да анықталып, «Эйвик секьюрити» Қытай авиакомпаниясымен келісім жасалды. Қытайда қаржысы 10 миллиард юаньді құрайтын инвестициялық қор да құрылды. 2017 жылдың 1 ақпанындағы мәлімет бойынша қорда инвестицияға тартылатын 2 миллиард юань қаражат бар. Жаңа өндіріс орындарының ашылуының арқасында біздің өңіріміз аграрлы-индустриалды аймақтан индустриалды-аграрлы облысқа айналуда. Осы ретте өңірімізге инвесторларды тарту әкімдіктердің тікелей міндеттері екенін баса айтып өткен жөн. Былтыр инвесторларды тарту үшін 12 елдің қатысуымен біз халықаралық агрохимиялық форум өткіздік. Бизнесмендерге өңірде қандай мүмкіндіктер берілетіні толық көрсетілді. Нәтижесінде 120 миллиард теңгені құрайтын 12 меморандумға қол қойылды. Ендігі мәселе – осы келісімдерді жүзеге асыруда. Сол себепті, орынбасарым Тимур Жанке мен кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы басқармаларына тиісті шараларды қарастыруды тапсырамын. Экономикалық өсімге қол жеткізуге шағын және орта бизнестің де қосып отырған үлесі көп. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы қабылданғалы бері шағын және орта бизнес өкілдерінің 766 жобасы қаралып, оларды қолдауға 15,3 миллиард теңге қаржы бөлінді. Оның 2,6 миллиард теңгесі былтыр берілген. Соның нәтижесінде 12,5 мың жұмыс орны сақталып қалды, үш жарым мыңы жаңадан ашылды. Өткен жылы екінші деңгейлі банктер кәсіпкерлерге 17,6 миллиард теңгенің несиесін берді. Бұл сома 2015 жылмен салыстырғанда 16 пайызға артық. Соған қарамастан бүгінде нақты жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес нысандарының саны 10,5 пайызға азайған. Сондықтан, аудандар және Тараз қаласының әкіміне бұл мәселені тереңірек зерделеп, кәсіпкерлікті дамытуға баса көңіл бөлуді тапсырамын.

Құрылыс қарқыны бәсеңдемейді

Құрметті жиынға қатысушылар! Құрылыс жұмыстарының көлемі соңғы жылдары бірінші рет 103,3 миллиард теңгені құрап, 4,2 пайызға өсті. Бұл салаға бағытталған инвестиция көлемі де 32 пайызға артты (22,67 миллиард теңге). Есепті кезеңде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілді. «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы бойынша 318 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, 2015 жылғы көрсеткіштен 8,8 пайызға артып отыр. Кезекте тұрған азаматтар үшін және «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің» несиесі арқылы екі үй пайдалануға беріліп, 415 отбасы қоныс тойын тойлады. Осы жылы біз 325 мың шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы ескі көп қабатты тұрғын үйлерді жақсартуға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда кондоминиум нысандарының саны 25 пайызға төмендеді. Сол себепті Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне аталған бағдарлама аясында қайтарымды қаражат есебінен тұрғын үйлерді жаңғырту жұмысын жалғастыруды тапсырамын. «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасына сай Жаңатас пен Қаратау қалаларында жалпы сомасы 598 миллион теңгені құрайтын су тарту жүйесін қайта жабдықтау мен тұрғын үйлерді жаңғырту жұмысы істелді. Көліктік тасымалдау инфрақұрылымы мен автокөлік жолдарын дамыту мәселесі маңызын жоймайды. Осыған орай, өткен жылы бұл саланы дамытуға 9,9 миллиард теңге бөлінген болатын. Бөлінген бұл қаржыға 15,2 шақырым жол төселіп, 496 шақырым жолға орташа жөндеу жұмысы жүргізілді. Соның нәтижесінде сапасы қанағаттанарлық және жақсы деңгейдегі жолдар көрсеткіші 75,5 пайызға артты, ал бұл көрсеткіш 2010 жылы 54,6 пайыз болатын. Ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 77 пайызға жеткізу көзделуде. Ол үшін 9,2 миллиард теңге қарастырылуда. Нақтылы кезеңде ұзындығы 267 шақырымды құрайтын «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолын қайта жасақтау жұмыстары қолға алынды. Жобаны 2020 жылы толық іске асыру жоспарланған. Есепті кезеңде жолаушылар тасымалы 3,0 пайызға артса, жолаушылар айналымы 16,0 пайызға өскен. Бүгінде облыс елді мекендерінің 90 пайыздан астамы қоғамдық жолаушылар көлігімен қамтамасыз етілген. Жаңадан Шу-Мойынқұм-Ақбақай және Кенен-Алматы облысаралық және қалааралық автобус бағыттары ашылды. Облыстық бюджеттен 21 миллион теңгеге әлеуметтік маңызы бар автобус бағыттары мен 316 миллион теңгеге темір жол байланысы қаржыландырылды. Шу қаласы вокзалының аумағы 179,0 миллион теңгеге қайта жасақталды. Барлықтарыңыз білесіздер, Шу қаласы – ТМД елдерінің көпшілігіне пойыздар қатынайтын орталық торап. Сондықтан, ол тек біздің өңірдің емес, еліміздің бет-бейнесі іспетті. Шу – тоғыз жолдың торабында орналасқан. Жылу, жарық, ауызсу... мәселесі шешіледі

Аса маңызды бағыттардың бірі – жылу, электр және газ беру жүйелерінің жұмысын реттеуге жағдай жасау болып табылады. Бұл бағытқа 2016 жылы 7 миллиардқа жуық қаржы бөлінді. Соның арқасында жылу және сумен жабдықтау, су тарту жүйелерін жаңғырту бағытындағы 21 жоба жүзеге асты. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Тараз қаласындағы жылу жүйелерін жаңғыртуға 3,6 миллиард теңгеге 3 жоба іске асты. Нәтижесінде біз 60 жылдан бері пайдаланылып, әбден тозығы жеткен 6,7 шақырым жылу беру желісін жаңарттық. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында электроэнергетика саласында 555 миллион теңгенің 3 жобасы жүзеге асырылуда. Мұнан басқа, Қордай электр торабын көрші Қырғыз елінен тәуелділіктен арылту, дербес электрмен жабдықтау үшін Қордай ауылына дейін жоғары кернеулі желі тарту мен «Қордай-220» шағын стансасын салуға республикалық бюджеттен 500,0 миллион теңге қаржы бөлінді. Өздеріңіз білетіндей, 2010 жылы Тараз қаласының аумағы көрші екі ауданның 50 тұрғын алқабын қосу есебінен 5,9 мың гектар жерге ұлғайғанын білесіздер. Бүгінде сол алқап тұрғындары тарапынан жиі туындайтын инфрақұрылым тарту мәселесі шешілуде. Құмшағал, Көлтоған, Қызылабад және Шалғай Қарасу алқаптарын электрмен жабдықтау жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 50,2 миллион теңге қаржы бөлінді. Тараз қаласында құны 3,2 миллиард теңгені құрайтын «Барысхан» алқабы мен сонда жоспарланған ықшам аудандарға, сондай-ақ, Сабалақов көшесі аумағында орналасқан Бурыл аумағына электр желілерін тарту мен шағын станса салу жұмыстары және екінші кезекте «Астана» шағын электр стансасын салу жұмыстары басталады. Қуат үнемдеу саласына да соны жаңалықтар енгізілуде. 69 мыңнан аса коммуналдық қызметті өлшейтін құралдар орнатылған. Соның арқасында артық шығын көлемін азайтып, 270 миллион теңгені үнемдеуге мүмкіндік туды. Облыста жаңартылған энергия көздерін алуға мүмкіндік беретін 9 жоба іске асырылды. Солардың қатарында Орта Азиядағы ең ірі «Бурное Солар-1» күн электр стансасы бар. Бұл жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асты. Өмір көрсетіп отырғандай, болашақтың қуат көзі «жасыл энергияда». Сондықтан, біз 2020 жылға дейін облыстағы халыққа қажетті қуат көзін 50-60 пайызға дейін өндіретін күн, жел, су электр стансаларын салуды қолға алудамыз. Бұл ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында еліміздің «жасыл экономикасына» қосқан айтарлықтай үлесіміз болмақ. Есепті кезеңде облыстың елді мекендерін газбен қамту 55,5 пайызға жетті. 2016 жылы «Амангелді газ өндіру» ЖШС және «Жарқұм» газ кен орны 352 миллион текше метр газ өндірген. Тараз қаласын газбен жабдықтау желілерін жаңғырту бағдарламасы бойынша 1,5 миллиард теңгеге 2016 жылы 79 шақырым газ желісі жер астымен жүргізілді. 20,5 миллиард теңгеге Т.Рысқұлов ауданында газ сығымдау компрессорлық стансасы салынды. Меркі ауданында 278 миллион теңгеге 4 елді мекенге газ жеткізетін 26,5 шақырым желі тартылды. Осы жылы Тараз қаласындағы Шөлдала алқабына газ тарту, Ақыртөбе газ қысымын реттеу стансасы, 5 ауданның 64 елді мекеніне газ тарту жұмысының жобалық-сметалық құжатын әзірлеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде облыстың 2 ауданы газбен қамтылмай отыр. Осыған орай ОҚО Созақ ауданындағы Шаян стансасынан Сарысу ауданының бірқатар елді мекендерін қамти отырып Жаңатас қаласындағы «ЕвроХим-Удобрение» ЖШС-на дейін газ құбыры магистралін тарту көзделуде. Бұдан бөлек, Талас және Сарысу аудандарының 12 елді мекеніне «Амангелді» газ кен орнынан 115,3 миллион теңгеге газ желісі тартылады. Ауа райының қолайсыз жағдайлары ескеріле отырып Жуалы ауданының Қошқарата ауылына дейінгі 15 елді мекенге де газ жеткізу желісін тарту жұмыстарының жобасы жасалуда. Осылайша, жыл соңына дейін облыстың елді мекендерін қамту 60 пайызға жеткізілмекші. Ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстарын жақсарту мәселесі де қаралуда. Нақтылы кезеңде облыстың 4 қаласында орталықтандырылған ауызсумен жабдықтау 83,0 пайызды құрап отыр. Жаңатас қаласын сумен жабдықтау және су тарту нысандарын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Бұл бағытқа облыстық бюджеттен 408 миллион теңгеден аса қаржы жұмсалды. «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Жамбыл және Талас аудандарында 1 миллиард теңгенің 2 нысаны пайдалануға берілді. Нәтижесінде, бүгінгі күні орталықтандырылған ауызсумен қамту 61,7 пайызды құрап отыр. 2020 жылға дейін 11 елді мекенді орталықтандырылған ауызсу жүйесімен қамтамасыз ету мен 13 елді мекенге жобалық-сметалық құжат әзірлеуге 2,3 миллиард теңге қарастырылып отыр.

Агроөнеркәсіп кешені – экономиканың жаңа драйвері

Құрметті жерлестер! Елбасы биылғы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін экономиканың жаңа драйверіне айналдыру міндетін қойып отыр. Өткен жылы саланы дамытуға барлық көздерден бөлінген қаржы екі есеге артып, 15,8 миллиард теңгені құрады. Аграрлық өнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Бұл бағдарлама тауарлы өндіріске ұсақ өндірушілерді тарту арқылы ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамытуға бағытталған. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 227 миллиард теңгені құрап, 8 пайызға өсті. 2016 жылы облыстың агроөнеркәсіп кешені саласында 24 миллиард теңгені құрайтын 1507, оның ішінде 160 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Саланың даму үрдісі жаман емес. Соңғы жылдары мал өнімдерінің көлемі артып келеді. Өткен жылы ет өндірісі 5,3 пайызға (113,5 мың тонна), сүт өндірісі 1 пайызға (295 мың тонна) жоғарыласа, мал саны 1-ден 2,4 пайызға дейін көбейді. Мүйізді ірі қара малдың саны 1,6 пайызға (320,6 мың бас), қой мен ешкі 2,2 пайызға, жылқы 1,6 пайызға, түйе 2,4 пайызға, шошқа 1,5 пайызға артты. «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Жайылымдарды суландыру» бағдарламалары 100 пайыздан аса орындалды. «2016 жылы «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 4500 сиыр сатып алу жоспарланса, 5336 сиыр және 191 асыл тұқымды бұқа сатып алынып, жылдық жоспардың орындалуы 118,6 және 127,3 пайызды құрады. «Алтын асық» бағдарламасы арқылы 36 000 қой сатып алу жоспарланса, нақты 46 296 қой сатып алынып, жылдық жоспар 128,6 пайызға орындалды. «Құлан» бағдарламасы бойынша жоспардағы 1950 жылқының орнына 2165 жылқы сатып алынып, белгіленген жоспар 111,0 пайызға орындалды. Ағымдағы жылы 55 құдық және ұңғы құрылысы жоспарланған болса, бүгінгі күнге 75 ұңғы қазылды, тауар өндірушілерге 288,1 миллион теңге инвестициялық субсидия төленді. Нәтижесінде, асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал үлесін 21,6 пайызға, қойды 28,4 пайызға, жылқыны 24,2 пайызға және түйені 30 пайызға жеткізуге мүмкін болды. Өткен жылы өнімдері экспортқа бағытталған Жамбыл ауданында «Оңтүстік халал тағамдары» компаниясының жылына 1800 тонна ет өңдейтін зауыты, Байзақ ауданында «Әулие Ата Феникс» серіктестігінің 3500 тонна құс етін өндіретін фабрикасы іске қосылды. Т.Рысқұлов ауданында «Шәушен» шаруа қожалығы мал сою алаңы мен етті мұздатып сақтау кешенін, 110 орындық қымыз емдеу орталығын, Меркі ауданында «Севиль-Мерке» серіктестігі күндігіне 15 тонналық шағын сүт өңдеу цехтарын іске қосуда. Бұдан бөлек, осы бағыттағы жалпы құны 4,3 миллиард теңгені құрайтын 3 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. Оның біреуі – Меркі ауданында «Agrostanferms» ЖШС малайзиялық инвестордың қатысуымен 3 мың мүйізді ірі қара малға арналған бордақылау кешенінің құрылысы. Инвестиция көлемі – 10 миллион АҚШ доллары. Екіншісі – «Агро фирма Түрікпен» ЖШС-ның 3,0 мың мүйізді ірі қара малға арналған бордақылау кешені. Аталған серіктестік осымен қоса 5 мың мүйізді ірі қара мал шаруашылық репродукторын құру жұмыстарын атқаруда. Жобаның құны – 500,0 миллион теңге. Үшінші жоба – Қордай ауданында «Алпысбай» шаруа қожалығының 3000 ірі қара малын бордақылау алаңы. Жоба құны – 330,0 миллион теңге. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында өткен жылы 3,2 миллиард теңге қаржы бөлініп, жеке қосалқы шаруашылықта 681 бордақылау алаңы, 172 сүт тауарлы ферма және 17 сүт қабылдау пункті ашылды. 2017 жылы қабылданған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын іске асыруға 3,1 миллиард теңге қарастырылды. Сондай-ақ, арнайы 481 миллион теңге бөлініп, пилоттық 6 ауыл шаруашылық кооперативі құрылды. (21-30-ға дейін мүшесі бар). Жуалы, Байзақ аудандарындағы 2-еуі сүт бағытында және Шу, Қордай, Т.Рысқұлов аудандарындағы 4-еуі ет бағытында. Бұдан басқа, сүт кластерін дамыту бойынша Меркі ауданында 42 шаруашылықтан құралған «Меркі өнімдері» және Жуалы ауданында 15 шаруашылықтан құралған «Жуалы-Алатау» ірі ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтері құрылды. Бұл аграршыларға мемлекеттік субсидия, несиелік ресурстар алуға кең мүмкіндік береді. Кооперативтердің жұмыстарын және жалпы ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыру мақсатында облыстық бюджет және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы қаржысын біріктіре отырып, «Тараз-Атамекен» микрокредиттік ұйымы арқылы 588 миллион теңге қаржы қарастырылды. Жалпы, жыл ішінде әртүрлі бағытта барлығы 50 ауыл шаруашылық кооперативі құрылды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль жолының бойында сүт фермалары мен бордақылау алаңдарының саны 20-ға жетті. Бұл жұмыс алдағы уақытта жалғасатын болады. Сондықтан, ауыл шаруашылығы басқармасына, барлық деңгейдегі әкімдерге тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша белсенділік таныту керек. Өсімдік шаруашылығында да ауа райының қолайлы болуының арқасында жоғары жетістіктерге қол жеткіздік. Дәнді масақты және дәнді бұршақтардың орташа өнімі әр гектардан 24,5 центнерді құрап, жалпы көлемі 651 мың тонна өнім жиналды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары көрсеткіш. 2015 жылмен салыстырғанда 2 есе артық. Сондай-ақ, 990 мың тонна көкөніс пен бақша өнімдері, 201мың тонна картоп, 52,0 мың тонна майлы дақылдар жиналды. Жалпы, өткен маусымда өсімдік шаруашылығында бұрын-соңды болмаған 2,0 миллион тоннадан астам өнім жиналды. Облыста соңғы жылдары қант қызылшасын өндіру қолға алынғанын білесіздер. Өткен жылы 5,6 мың гектардан 124 мың тонна өнім жиналып, қант зауыттарына 102 мың тоннасы өткізілді. Орташа өнімділік 232 центнерді құрады. Елбасының тапсырмасына сәйкес, Шу ауданында көкөніс кластерін құруға 2,3 мың гектар жер телімі суландырылды және оған қажетті инфрақұрылым тартылды. Сыйымдылығы 30 мың тонна құрайтын қоймалар іске қосылды. Қосымша 10 мың тонналық қойма құрылысы аяқталу үстінде. Сонымен қатар, Ескі-Шу, Жаңа жол және Бірлікүстем ауылдық округтерінің 5356,8 гектарына инженерлік инфрақұрылымын қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау үшін аудан бюджетінен 20,0 миллион тенге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, біз агроөнеркәсіп саласының экспорттық әлеуетін арттыруымыз керек. Бұл бағытта облыста 100-ден астам кәсіпорын жұмыс істеуде. Өткен жылы 25 мың тонна масақты дәнді дақылдар, 4 мың тонна майлы дақылдар, 330 мың тонна көкөніс, 90 мың тонна бақша өнімдері, 6 мың тонна картоп, сондай-ақ, 509 тонна ет шет елге шығарылды. Бұл бағытты одан ары дамыту – біздің басты мақсатымыз болу керек. Өткен жылы орын алған ерекше мол ылғалдың жылдан-жылға қайталанбайтынын ойдан шығармауымыз қажет. Су үнемдеу технологияларының енгізу көлемі облыс бойынша 12 мың гектарға жетіп, 1,5 есе артты (2015 жылы 8,2 мың гектар). Биыл бұл көрсеткішті 15 мың гектарға жеткізуді көздеп отырмыз. Ылғал сақтау технологиясын қолдану да 5 пайызға өсіп, 26,3 мың гектарды құрады. Үдемелі алма бақтарының егіс алқаптары 235 гектарға жеткізілді. 2020 жылға дейін бұның көлемін 1600 гектарға жеткізсек деген ойдамыз. Осы орайда аудан әкімдері мен ауыл шаруашылық басқармасы өсімдік саласында осы технологияны кеңінен енгізу арқылы үдемелі алма бақтарының егіс алқаптарын ұлғайту жұмыстарын жалғастыруы қажет. Мемлекет басшысының азық-түлікке бағаны тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасын тұрақты бақылауда ұстап келеміз. Өткен жылы Тараз қаласының коммуналдық базары мен орталық алаңында 327 жәрмеңке өткізіліп, 1,8 миллиард теңгенің ауыл шаруашылық тауарлары сатылды. Былтыр тұрақтындыру қорына 1,0 миллиард теңгеге 10 мыңнан астам тонна тауар сатып алынып, оның 8 мың тоннасы (663 миллион теңгеге) Тараз қаласы мен аудандардың коммуналдық базарларында, әлеуметтік дүкендерде тұрақты түрде сатылды. Бұл, өз кезегінде, әлеуметтік азық-түлік бағасын ұстап тұруға оң әсерін тигізді. Маусымаралық кезеңінде бағаны тұрақтандыру тетіктерінің бірі – жылыжай кешендері. Бүгінгі күнге облыс бойынша жалпы аумағы 25 гектарды құрайтын 321 жылыжай бар. Олардан өндірілген өнім қажеттіліктің 18 пайызын ғана қамтуда.Осыған орай, барлық деңгейдегі әкімдерге, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік басқармаларына бағаларды тұрақтандыру жұмыстарын қатаң бақылауда ұстауды және жылыжай кешендері алқаптарын ұлғайтуды, былтырғы дауыл желден зақымданған жылыжайларды қалпына келтіруге ықпал етуді тапсырамын.

адами капитал сапасын жақсарту – басты талап

Құрметті жамбылдықтар! Елбасының биылғы Жолдауында атап көрсеткендей, адами капиталды жақсартудың басты көрсеткіші – білім беруді жетілдіру. 2016 жылы облыстың білім саласын қаржыландыру 22 пайызға артып, 92 миллиард теңгені құрады. (2015 жылы – 75,5 миллиард теңге). Балаларды балабақшамен қамту жұмыстары өз деңгейінде атқарылуда. Есепті жылы 36 балабақша, 1 шағын орталық ашылды. Нәтижесінде, 3-тен 6 жас аралығында мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 80,2 пайызға жетті. Жыл ішінде жаңадан 5 балабақша пайдалануға берілді. Мемлекеттік – жекеменшік әріптестік негізінде ашылған мектепке дейінгі білім мекемелерінің саны 67-ге жетті. (65 бала бақша, 2 шағын орталық) (2016 жылы 29-ға өсті). Естеріңізде болса, 2010 жылы мұндай 2 ғана балабақша болған. Облыста тозығы жеткен және апатты мектептер үлесін төмендету жұмыстары жүргізілуде. Жыл ішінде тозығы жеткен 11 білім ошағының 2-еуі құрылыс есебінен шешімін тапты. Биыл 3 апатты мектеп жаңадан пайдалануға беріледі. 2017 жылға жергілікті бюджет есебінен 4 мектептің құрылысын бастауға 802 миллион теңге жоспарланды. (Меркі ауданы Арал-Қыстақ ауылындағы 50 орындық бастауыш мектеп - 302,429 миллион теңге, Қордай ауданы Соғанды және Көктөбе ауылындағы әрқайсысы 50 орындық негізгі мектептерге әрқайсысына - 150,0 миллион теңгеден, Талас ауданы Қасқабұлақ ауылындағы 120 орындық орта мектеп - 200,0 миллион теңге). Алдағы жылдары 2 мектептің мәселесін жаңа құрылыс есебінен шешуді жоспарлап отырмыз. Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту тұрақты назарда. Өткен жылы бұған 11,4 миллиард теңге бөлініп, 19 білім нысанының құрылысы жүргізілді, оның 14-і пайдалануға берілді. Мектепте оқыту сапасын арттыру бағытында облыста айтарлықтай табыстарға қол жеткізілді. Облыс оқушылары 5 жыл қатарынан республикалық олимпиада мен ғылыми жарыстарда командалық 1-орынды алып келеді. Дүниежүзілік, халықаралық олимпиадалар мен жарыстарда 68 медальді иемденді (2015 жыл – 56 медаль).Осы ретте, балаларымызға мықты білім берген ұстаздарға алғысымды білдіргім келеді. 2016 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша орташа балл – 78,71-ді құрады (респ. – 81,24, /12 орын). Президент үш тілді оқытуды кезең-кезеңімен енгізуді тапсырды. Бұл бағытта «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» тәжірибесін 7 мектепте енгізудеміз. Облыста 8 мектепте жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер және үш тілді оқытудың элементтері енгізілген элективті курстар ағылшын тілінде жүргізілуде. Алайда, мұнымен ғана тоқтауға болмайды. Мектеп мұғалімдерін ағылшын тіліне үйрету керек. Облыста 0,24 пайыз ғана мұғалім ағылшын тілін біледі. Назарбаев интеллектуалды мектебі, Дарын, 2 қазақ- түрік лицейлерінде ғана үш тілді оқыту жүргізілуде. Білім және тіл басқармаларына, аудан, қала әкімдеріне 1 сәуірге дейін мұғалімдерді ағылшын тілін үйрету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Облыста дуалды оқыту жүйесін дамыту техникалық мамандар тапшылығын шешуге бағытталып отыр. Биылғы оқу жылында дуалды оқыту жүйесі 63 пайызды құрады. (24-тен 31 колледжге артты). Бүгінде 31 колледжде осы жүйе бойынша 2 жарым мың студент оқиды. Бұл процесс «Қазфосфат», «Бином», «ЖЭС» және «ТаразПассТранс» компанияларында кеңінен жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2017 жылдың қыркүйегінен бастап, тегін кәсіби білім беру жобасы іске қосылады. Облыста техникалық кәсіптік білімді мамандар дайындауға бөлінетін мемлекеттік тапсырыс көлемі (4123 орынды) 2015 жылмен салыстырғанда 383-ке артты. (2015 жылы – 3740). Облыстық білім, еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына нарық сұранысын ескере отырып, мектеп бітірушілер қатарынан тегін техникалық және кәсіби білімі бар кадрларды дайындауды арттыруды тапсырамын. Бұл жобаға өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарды көбірек тарту қажет. Еліміздің Үшінші жаңғыру кезеңіне аяқ басуы үшін – ұлт саулығын жақсарту маңызды жұмыс. Облыстың денсаулық сақтау саласына өткен жылы 41 миллиард теңге бөлінді. Жыл ішінде 6 денсаулық сақтау нысаны іске қосылды. Меркі ауылында және Қаратау қаласында аудандық емханалар, Байзақ ауданы Бурыл ауылында және Сарысу ауданы Жайылма ауылында дәрігерлік амбулаториялар, Талас ауданы Шакиров ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт, Мойынқұм ауданы Қияқты стансасында медициналық пункт соғылды. 25 нысан күрделі жөнделді. Биыл облыстық бюджет есебінен тағы 12 нысанның құрылысына 855 миллион теңге қарастырылып отыр. (оның ішінде 8 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт және 1 медициналық пункт). Медициналық ұйымдарға 831 миллион теңгеге 76 бірлік қажетті медициналық техника және 121 миллион теңгеге 20 автокөлік сатып алынды. Он

Ұқсас жаңалықтар