«Әулиеата» әуежайы Шымкентке қона алмаған ұшақтарды қабылдады

«Әулиеата» әуежайы  Шымкентке  қона алмаған ұшақтарды қабылдады
ашық дереккөз
«Әулиеата» әуежайы Шымкентке қона алмаған ұшақтарды қабылдады
Шымкент қаласының әуежайы метерологиялық жағдайға байланысты бірнеше ұшақты қабылдай алмады. – «Әулиеата» халықаралық әуежайы ауа райының қолайсыз күндерінде де, бүгін де штаттық режімде жұмыс істеп тұр. Шымкент әуежайына қона алмаған ұшақтарды да Тараз қабылдады. Өңірде күн райының күрт бұзылғаны ұшақтардың ұшып-қонуына кедергі келтірмеді. Метерологиялық жағдайға байланысты рейстер кестесінде өзгерістер жоқ, – деді «Әулиеата» әуежайының пиар менеджері Юлия Егорова. Оның айтуынша, «Air Astana» авиакомпаниясының Астана бағытындағы рейсінің кейінге қалдырылуы ауа райына қатысты емес. Бұл тікелей тасымалдаушы ұйымның шешімі дейді. Қолайсыз ауа райы жағдайында кедергісіз жұмыс істеуі үшін әуежайда арнайы техникалар мен құрылғылар дайындалып, әуежайдың ұшу-қону жолдары тазаланып, ұшақтар қонатын орындар тәртіпке келтірілген. Қажетті қар күрейтін техникалар талапқа сай жұмыс істеуде. Рейстерді қабылдап, жіберуге толық дайын. Соның арқасында әуежай соңғы тәуліктерде 7 рейсті қабылдаған.

Ардақ Үсейінова, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар