Жастарды өлімге итермелеп жүрген жауыз ұсталыпты

Жастарды өлімге итермелеп жүрген жауыз ұсталыпты
ашық дереккөз
Жастарды өлімге итермелеп жүрген жауыз ұсталыпты

«Синий кит» ойынының басты әкімшісі «Филипп Лис» аккаунтымен тіркелген Филипп Будейкин есімді жігіт өткен жылдың 15 қарашасында Мәскеу облысында 2 айға ұсталды. Бүгінгі таңда ресейлік сот оның қатысуымен кәмелеттік жасқа толмаған 15 баланың өз-өзіне қол жұмсағанын анықтаған. Психологиялық-лингвистикалық сараптама да желіде жазылған хат мәтіндерінен суицидке итермелейтін мәліметтерді айқындапты. Ал балаларды өлімге апаратын ойынға кіргізіп, түрлі тапсырмалар арқылы олардың психологиясын улаған Будейкин бұл ойынды жүргізуді әлі де тоқтатпайтынын айтып отыр. Сонымен қатар, ол жалғыз емес екенін, оның жанында тағы бірнеше сыбайластары барын жеткізді.

«Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар