Мексикалық бапкер Джейкобстың жеңісіне 1000 доллар тікті

Мексикалық бапкер Джейкобстың жеңісіне 1000 доллар тікті
ашық дереккөз
Мексикалық бапкер Джейкобстың жеңісіне 1000 доллар тікті

Мексикалық бапкер Рафаэль Рамирес Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) пен Генадий Головкин (36-0, 33 КО) арасында өтетін жекпе-жекте америкалық боксшының жеңісіне 1000 доллар тігіпті.

«Мен бұл кездесуде Джейкобс жеңетініне сенімдімін. Сондықтан Дэниэлдің жеңісіне мың доллар бәс тігіп отырмын. Қанша жеңемін? Нақты білмеймін. Бірақ ұтыстың біршама болары анық. Джейкобс Головкинді бірінші раунда нокаутқа түсіреді деп айта алмаймын. Дегенмен де ол қашықтықты сақтай отырып, Головкинді жеңіп кетеді», - дейді Рамирес Dontae’s Boxing Nation порталына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Головкин-Джейкобс жекпе-жегі 18 наурыз күні өтеді.

ақпарат көзі:  Baq.kz
 

Ұқсас жаңалықтар