М.Ахметжанов қаржы полицейлерінің жалақысын жария етті

М.Ахметжанов қаржы полицейлерінің жалақысын жария етті
ашық дереккөз
М.Ахметжанов қаржы полицейлерінің жалақысын жария етті

Кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Марат Ахметжанов тілшілердің сұрағына жауап бере отырып, қаржы полицейлерінің қанша жалақы алатынын жария етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Агенттіктің аумақтық құрылымдарында қызметкерлердің орташа жалақысы 155 мың теңгені құрайды. Осыған қоса, білімі, тәжірибесі, еңбек өтілі, біліктілігі ескеріліп, үстеме төленеді. Қызметкерлердің шұғыл қызметіне орай төленетін үстеме бар. Агенттіктің аппаратында орташа жалақы 215 мың теңгені құрайды», - деді ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Марат Ахметжанов.

Ақпарат көзі: www.bnews.kz

Ұқсас жаңалықтар