Н.Нығматулин жауапты хатшылармен апта сайын кездесетін болады

Н.Нығматулин жауапты хатшылармен апта сайын кездесетін болады
ашық дереккөз
Н.Нығматулин жауапты хатшылармен апта сайын кездесетін болады

Қазақстан Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин апта сайын министрліктердің жауапты хатшыларымен кездесіп отыратын болады.

"Орталық атқарушы органдар қызметінің түрлі мәселелерін талқылау мен шешу мақсатында Президент Әкімшілігі жетекшісінің жауапты хатшылармен апта сайынғы кездесуін тәжірибеге енгізу туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Ақордада Президент Әкімшілігі жетекшісінің министрліктер мен агенттіктердің жауапты хатшыларымен кездесуі барысында мемлекеттік органдардың Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау, мемлекеттік қызмет көрсету, бюджет қаражатын игеру, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жету салаларындағы жұмысының негізгі мәселелері талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша жауапты хатшыларға мемлекеттік аппарат жұмысын тұрақты әрі тиімді қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Нұрлан Нығматулиннің ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі болып 3 сәуірде тағайындалғанын еске сала кетейік.

Ақпарат көзі: www.tengrinews.kz

Ұқсас жаңалықтар