Рахмет саған, 2016 жыл!

Рахмет саған, 2016 жыл!
ашық дереккөз
Рахмет саған, 2016 жыл!
Қадірлі оқырман! Төрткіл дүниені үміт пен күдікке бөлеп, кең-байтақ қазақстанды бауырмалдық пен берекеге бастаған мешін жылы да артта қалды. мешін жылы құтты болды. Жыл басында жұрт болып жұмылып, Парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын қайта сайлап, халық қалаулыларының құрамын жаңарттық. Ұлы Жеңістің 71 жылдығын тойлап, ерлікке тағы бір мәрте бас идік. Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында 3 алтын, 5 күміс, 9 қола алып, халықаралық есепте 22-орынды иелендік. Рио Олимпиадасына облысымыздан 5 спортшы қатысты. Көк туымыз көкке көтеріліп, әнұранымыз шырқалып, төбеміз көкке жетті. Қазақстанның айдай әлемге Тәуелсіздігін жариялап, егемен ел болғанына 25 жыл толды. Осынау уақыт ішінде еліміз қол жеткізген толағай табыстар тағы бір сараланып, келешекке деген сеніміміз ұлғайды. Бұл табыстардың ішінде Жамбыл өңірінің қосқан үлесі де қомақты. Алдағы Тауық жылы қуанышының ең бастысы – Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі болмақ. Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммиті де маңызды. Атап айтарлығы, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында Алматыда өтеді. Мұндай аса ауқымды ірі мерекелік шаралар тек берекелі елде ғана өтеді. Ендеше, алдағы Тауық жылы жемісті жыл болғай, қадірменді ағайын!

Ұқсас жаңалықтар