Монархиялық билікке қарсы наразылық шерулері өтуде

Монархиялық билікке қарсы наразылық шерулері өтуде
ашық дереккөз
Монархиялық билікке қарсы наразылық шерулері өтуде
Испанияның Мадрид, Барселона және басқа қалаларында 10 мыңнан аса адам монархиялық билік жүйесіне қарсы наразылыққа шықты, деп жазады 24.kz. Осының алдында Король Хуан Карлос тақтан түсіп, ұлы Филипе ханзаданы мұрагер деп жариялаған. Осыған орай, бас көтерген белсенділер Испанияның мемлекеттік құрылысын айқындау туралы референдум өткізуді талап етуде. Олар республика құруды қалайды. Осылайша шерушілер Бурбондар патшалық әулетінің билігіне тұсау салуды көздеп отыр. Мұндай наразылыққа соңғы жылдары болған шулы жағдайлар себеп. Хуан Карлостың қызы Кристина ханша мен оның күйеуі жемқорлыққа қатысты іс бойынша тергеліп жатыр. Саясаттанушылардың пайымынша, Филипе ханзада таққа отырып, Филип VI болғаннан кейін, Мариано Рахой үкіметі мен Каталония билігінің тіл табысуына көмек жасап, аймақтың Испаниядан бөлінуіне кедергі жасауы мүмкін. Интернет материалдары негізінде әзірленді.

Ұқсас жаңалықтар