Мұқабасы адам терісінен жасалған кітаптар табылды

Мұқабасы адам терісінен  жасалған кітаптар табылды
ашық дереккөз
Мұқабасы адам терісінен жасалған кітаптар табылды

Гарвард университетінің кітапханасынан ерекше кітаптар табылды. Оларды түптеу кезінде адамның нағыз терісі қолданылған.

Мұндай қорқынышты жаңалық кітаптарды кезекті рет санау барысында анықталған. Кітапханашылардың назарын үш кітап аударған. Олардың үшеуі де адамның терісінен түптелген. Ол кітаптар тізімінде француз философиясын оқыту, испан тіліндегі орта ғасырлардағы заңнамалар еңбектері және Рим поэзиясының жинағы бар. Ғалымдардың болжамынша, түптеулерді орта ғасырларда кеңінен қолданылған мәйіттердің терісінен зерттеуші анатомдар жасаған. Мұндай тәжірибе көбіне анатомия кітаптарының мұқабасын жасау үшін қолданылған. Оған адамдардың терілері тірідей сыпырылған болуы мүмкін деген де болжам бар.

Ұқсас жаңалықтар