Нобель медалі аукционда 329 мың долларға сатылды

Нобель медалі аукционда  329 мың долларға сатылды
ашық дереккөз
Нобель медалі аукционда 329 мың долларға сатылды

Нейтронды ашқан ағылшын ғалымы Джеймс Чедвиктің (1891-1974) Нобель медалі Нью-Йорктегі Sotheby’s аукцион үйіндегі саудада 329 мың долларға сатылды. Бір лотқа медальмен бірге Нобель сыйлығы лауреатының дипломы да енді.

“Чедвик өз жаңалығын медицинада қолданылады деп үміттенген. Ол сыйақыларын Ливерпульдегі циклотронның (зарядталған бөлшектерді жылдамдататын қондырғы) құрылысына бағыттаған. Оның көмегімен қатерлі ісік ауруымен күресу үшін нейтрондық терапия технологиясын жасауға әрекеттенген “, – деді Sotheby’s сарапшысы Селби Киффер. Сонымен бірге ол Чедвиктің туыстары шамамен 20 жыл бұрын оның медалін нумизматқа сатқанын айтты. Қазір бұл медальді саудаға сол кісі қойған екен. Награданы сатып алған адамның аты аталмады. Аукционды ұйымдастырушы бұл лотты 200 мыңнан 400 мың долларға дейін сатуды көздеген. Нобель медальдары аукционда өте сирек сатылады. Өткен жылы сәуір айында ДНК құрылымдарын ашқандардың бірі, британдық ғалым Фрэнсис Криктің (1916-2004) медалі Нью-Йорктегі Heritage аукцион үйінде саудаға қойылды. Оның 1953 жылы ие болған наградасы 2,27 млн. долларға сатылды. Бұл сома медальдің өз құнынан ($500 мың) 4 есе асып түсті.

Ұқсас жаңалықтар