Ел дамуының негізі – еркіндікте

Ел дамуының негізі – еркіндікте
ашық дереккөз
Ел дамуының негізі – еркіндікте

Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйінде Астана қаласында «Тәуелсіздік» сарайында өткен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қызметкерлер мен қызмет алушыларға республикалық салтанатты жиыннан көрсетілім ұйымдастырылды. – Тәуелсіз Қазақстан бүгінде дербес ел. Егемен еліміз ширек ғасыр бедерінде шекарасын шегендеді. Дамудың даңғыл жолына түсті. Бүгінде әлем мойындаған мемлекетке айналдық. Бүгінде көк Туымыз көкте желбіреп, мерейіміз тасыды. Мұның бәрі де азаттықтың арқасы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында еліміз гүлденуде. Ішкі және сыртқы саясатымыз көп елдерге үлгі. Өзге елдерде атыс-шабыс болып жатқан шақта біз бейбітшіліктің құшағында тербеліп отырмыз. Шүкір дейік, – деп өз ойымен бөлісті интернат үйінің мәдени ұйымдастырушысы Бибіжамал Тоқтыбаева. Интернат қызметкерлері де ой-пікірлерін ортаға салды. «Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бері көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының татулығы, ынтымағы Президентіміздің жүргізіп отырған салиқалы, көреген саясатының жемісі. Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның басты бағыты болуы тиіс» – деп тәуелсіздік жылдары ішіндегі еліміздің және өңірдің жетістіктерін интернат үйінің қызметкері Серік Сабырбеков жан-жақты атап өтті.

«Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар