«Тәуелсіз Қазақстан» пойызында 12 министрліктің 300 маманы қызмет көрсетті

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызында 12 министрліктің 300 маманы қызмет көрсетті
ашық дереккөз
«Тәуелсіз Қазақстан» пойызында 12 министрліктің 300 маманы қызмет көрсетті

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызында 12 министрліктің 300 маманы халыққа қызмет көрсетті. Ең бастысы, олар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін шалғайдағы елді мекендерге жеткізді, деді бүгін Алматыға келіп жеткен арнайы пойызды салтанатпен қарсы алған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ең бастысы, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін елге жеткізді. Пойыздағы шараларға қатысқан азаматтар бүгін Тәуелсіздіктің алтын бесігі Алматыға келіп, жұмысын аяқтап отыр. Пойызда 12 министрліктің өкілі болды. Олар әрбір үш күн сайын ауысып отырды. Жинақтап айтқанда, бір айдан астам уақыт ішінде 300 маман жұмыс істеді. Пойыз негізгі міндетін атқарып шықты. Шалғайдағы ағайынның кейбір мәселелерін сол орында білікті мамандар шешіп берді. Басты мерекеміз - Тәуелсіздік күні жақындап қалды. Елімізді осы ұлы мерекемен құттықтаймыз. Үлкен сапардан оралған азаматтарға алғысымызды айтамыз», - деді Ералы Тоғжанов.    Айта кетейік, бүгін Алматы-2 вокзалына ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы келді. Бұған дейін хабарлағанымыздай «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы штабының жетекшісі, профессор Әміржан Әлпейісов пойыз Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен шығып, 45 күн ішінде 16 мың шақырымды жүріп өткенін айтты. «Іс-шараларымызға қатысқан 100 мыңнан астам адамға қызмет көрсетілді, оның ішінде 13 мыңына медициналық көмек беріліп, 12 мың адамның жеке бас мәселесі шешілді. 73 мың азамат консультативтік көмек алды»,  - деді Ә.Әлпейісов. «Тәуелсіз Қазақстан» пойызына қатысушылар оңтүстік астанада бірқатар жоспарлы шараларға қатысады деп күтілуде. Еске сала кетейік, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының мақсаты  -қазақстандықтарға 5 институттық реформаның жүзеге асуын, «Мәңгілік ел» идеясының кеңінен таралуын насихаттау. «Тәуелсіз Қазақстан пойызы» 1 қараша мен 14 желтоқсан аралығында еліміздің 35 елді мекенінде халықпен кездесу өткізді.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.kazinform.kz/kz/tauelsiz-kazakstan-poyyzynda-12-ministrliktin-300-mamany-kyzmet-korsetti_a2979896

Ұқсас жаңалықтар