Мәскеуде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған дипломатиялық қабылдау өтті

Мәскеуде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған дипломатиялық қабылдау өтті
ашық дереккөз
Мәскеуде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған дипломатиялық қабылдау өтті

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап, дипломатиялық қабылдау өткізді. Оған 400-ге жуық адам келді. Кеште дипкорпус пен халықаралық ұйым өкілдері, бизнесмендер, ресейлік саясаткерлер мен саясаттанушылар Ресейдегі қазақ диаспорасының өкілдері, ұлттық компания өкілдері мен шоу-бизнес жұлдыздары болды. Шараға келушілердің айтуынша, Қазақстан ширек ғасыр ішінде әлемдік саяси үдерістің толыққанды әрі жауапты қатысушысына айналып, қазақстандық даму стратегиясының сәттілігін дәлелдеді. Джон Теффт, АҚШ-тың РФ елшісі: - Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған қабылдау кешіне қатысып отырғаныма қуаныштымын. Достардың бәрін мерейтойымен құттықтаймын. Біз Қазақстанмен етене дос екенімізді мақтан тұтамыз және қазақ-америка ынтымақтастығы баянды болады деп үміттенеміз. Иосиф Кобзон, КСРО халық әртісі: - Біздің елде, Қазақстанда немесе басқа бір елде бірдеңе бола қалса, барлығы дарынды басшы Нұрсұлтан Әбішұлының қандай да бір көмегіне жүгініп жатады. Осыған қарап Қазақстандағы халықтың дамуға бет алған қауіпсіз елде тұрып жатқанын сезінемін.

ақпарат көзі: 24.kz

Ұқсас жаңалықтар