Кезекте ұзақ тұрмайды

Кезекте  ұзақ  тұрмайды
ашық дереккөз
Кезекте ұзақ тұрмайды

Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы – жалғыз терезе қағидатымен жүргізуші куәлігін беру және автокөлік құралын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсететін ұйым. Бизнес-үдерістерді автоматтандыру, барлық дерекқор базалары мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру, сондай-ақ жүргізуші куәлігін беру және автокөлік құралын тіркеу үшін қажетті барлық кезеңдерді бір кешенде біріктіру нәтижесінде бұл қызметтерді көрсету ұзақтығы орташа есеппен 2 сағатқа дейін қысқартылды. Сондай-ақ, азаматтардың тиісті құжаттарды әзірлеуге жауапты орындаушылармен тікелей байланысы жойылды. Тұрғындарға автокөлік құралдарын тіркеу, қайта тіркеу, сондай-ақ жүргізуші куәліктерін беру бойынша мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы өз жұмысын жүйелі түрде жүргізуде. Орталық арқылы мемлекеттік қызметтің 125 түрі көрсетіледі. ХҚО уақыт талабына сәйкес жаңғыртылып келеді. Атап айтқанда, кедергісіз қызмет көрсету, электронды кезек жүйесі, көрсетілетін қызмет сапасын бағалаудың электронды планшеттері, «Электронды үкімет» терминалдарының орнатылуы, мемлекеттік қызметтің кезең-кезеңімен электронды форматқа көшірілуі сынды жұмыстар жүзеге асырылуда. ХҚО дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мекемедегі ұзын-сонар кезек күту мәселесін жоюға, бір құжатты алуға кететін уақыт көлемін азайтуға, өтініштерді өңдеудің жоғары жылдамдығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде орталыққа деген тұрғындардың сенімі артты.

Гүлнұр Асқарова, Ардақ Темірбаева, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің мамандандырылған бөлімінің мамандары.

Ұқсас жаңалықтар