Қазақтың тағамына ғашықпын - мәнерлеп сырғанаушы Б.Жубер

Қазақтың тағамына ғашықпын - мәнерлеп сырғанаушы Б.Жубер
ашық дереккөз
Қазақтың тағамына ғашықпын - мәнерлеп сырғанаушы Б.Жубер

 «Денис Тен мен оның достары» мұз шоуына қатысқан Франциядан ат терлетіп келген мәнерлеп сырғанаушы Бриан Жубер алматылық журналистерге берген сұхбатында қазақтың ұлттық тағамдары аса ұнағанын жеткізді.

 БАҚ өкілдерінің «Қазақстанда сізге не ұнады» деген сұрағына Жубер былай деп жауап берді: «Мен мында, Қазақстанда, алғаш рет жылқы етінің дәмін таттым. Осы туралы туыстарым мен достарыма айтқанымда, олар мен есімнен алжасқан шығармын деп жатыр. Себебі олар мұндай жануарды тағам ретінде қалай пайдалануға болады деген таңданыста. Жалпы, қазақтың ұлттық асханасы маған қатты ұнады. Мен қазақ тағамына ғашықпын деп айтуға болады», - деп атап өтті спортшы.

Алайда шетелдік мәнерлеп сырғанаушы қымызға сол күйі бойын үйрете алмағанын жасырмады. «Бәлкім өзіндік дәмі, бәлкім басқа да себептер бар шығар, қымызды тамсанып іше алмадым. Қазақтар оны соншалықты қалай жиі ішетіні маған жұмбақ», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Б.Жубер жалғыз сырғанауда Франция атынан өнер көрсетеді, әлем чемпионы (2007), үш дүркін Еуропа чемпионы (2004, 2007, 2009), Гран-при жүлдегері (2006, 2007), сонымен қатар Францияның сегіз дүркін чемпионы (2003 – 2008, 2011, 2012). 2006 жылы «Бриан Жубер: Мұздағы от» биографиялық кітабы жарыққа шыққан.

Ақпарат көзі: www.bnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар