Біз жанбасақ лапылдап...

Біз жанбасақ лапылдап...
ашық дереккөз
Біз жанбасақ лапылдап...

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай облыс аумағындағы елді мекендерге жол тартқан «Жастар – Тәуелсіздік тірегі» атты жастар автокеруені Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағынан бастау алды. Жастарды салтанатты түрде шығарып салу рәсіміне облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Құралбаев, облыстық «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Уалихан Болатбек, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев қатысып, сәт-сапар тіледі. Көк Туымызды желбіретіп, 25 санын бейнелеген жастар осынау ұлық мерекеге деген құрметі мен ерекше көңіл-күйлерін флеш-моб ұйымдастыру арқылы білдірді. Е.Құралбаевтың айтуынша, бұл автокеруеннің басты ерекшелігі үгіт-насихат жұмыстары аудан орталықтарында емес, шалғай жатқан ауыл жастарының арасында жүргізілетіндігінде екен. – Автокеруен құрамында белсенді жастар ұйымдарының өкілдері, спорт, өнер саласында жетістікке жеткен жастар бар. Бұл шараның басты мақсаты – елді мекендерді аралап, жастардың түрлі салаға деген қызығушылығын ояту. Ауыл тұрғындарына тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерімізді, спортты, өнерді насихаттау. Онда спортшы жастар қазіргі кезде дамып келе жатқан аула спортын қолға алу мен оның жүзеге асу жолдарын түсіндіреді. Сонымен қатар, аудан тұрғындарына концерттік бағдарлама ұсыну жоспарланған. Алғашқы сапарымыз Мойынқұм ауданы Бірлік ауылдық округінен басталады. Тоғызыншы қарашаға дейін облыс аудандарының барлығы қамтылатын болады, – дейді ол. Шара барысында мемлекет тарапынан көрсетілген әрбір саладағы көңіл тасытарлық табыстар, ширек ғасыр ішінде қол жеткізген жетістіктер мен атқарылып жатқан іргелі істер өңір жастарының көңіліне серпіліс сыйлағанын аңғардық. Патриоттық акцияға қатысушы, белсенді жас Самат Асқарұлы: «Мен облыстық «Стрит уаркаут» жастар ұйымының мүшесімін. Ұйым көше спортын насихаттап және дамытумен, жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақырумен айналысады. Біздің автокеруен құрамына енуіміздің себебі – ауыл жастарын спортқа тарту», – дейді.

Нұрым Сырғабаев, «Ақ жол».

Суретті түсірген Нұрғиса тұрғынбек.

Ұқсас жаңалықтар