Денсаулық
Ғалымдар рак ауруын жеңудің әзірге ең тиімді әдісін тапты
- author «Ақ жол»
- 10 қазан, 2016
- 789
Ғалымдар рак ауруын жеңудің әзірге ең тиімді әдісін тапты
Иммунологиялық терапияда қолданылатын жаңа препарат рак ауруымен күресте революция жасауы мүмкін. Еуропа онкологиялық конгресінде жария етілген зерттеулердің нәтижесі осыны көрсетіп отыр. Бұл туралы BBC News «Иммунотерапияға арналған препараттар ракпен күресте жаңа дәуір басталғанын білдіреді» атты мақалада жазады.
Питер Уэйт ісік соңғы стадияға жеткеніне қарамастан ауруы жанына батпағанын және ешбір кері әсері сезілмегенін айтады Уэйт химия қабылдаудан бас тартады. Оның орнына иммуннотерапияның аталған екі препаратын 4 ай қабылдайды. Осы уақыт ішінде Питер автомеханик болып жұмысын істеп жүрген. Және дәрінің ешқандай кері әсерін сезбейді. 4 айдан кейінгі тексерулер оның бүйрегіндегі бір ісіктің кішірейгенін, екі ісіктің өспей бұрынғы қалпында қалғанын көрсетеді.
Қазір ол препарат қабылдауды тоқтатты, бірақ үш айда бір рет дәрігерге қаралып тұрады. «Рактің соңғы стадиясымен ауырып жүрсем де сырқатым түк те жаныма батып ауыртпады. Басқа науқастарды ойласам бұл жағдай тіпті әділетсіздік сияқты боп та көрінеді. Бұл ауру мен үшін қасірет болмады. Өзім жалпы оптимист адаммын, оның үстіне тағдыр сәтін де салды» дейді ол.
Иммуннологиялық терапия деп ағзадағы рак клеткаларын иммунитет жүйесіне әсер ету арқылы жоюды айтады. Ал ниволумаб пен ипилимумабтың қалай жұмыс істейтіні туралы айтар болсақ, әңгіме былай екен. Рак ісігі иммунитет жүйесін «алдап», өзін сау клетка қып көрсету үшін оған химиялық белгілер жібереді. Аталған препараттар осы белгілерді тоқтатып отырады.
Кевин Харрингтон – Ұлыбританиядағы Рак зерттеулері институтының профессоры. Ол жаңа дәріні бас және мойын рагімен ауыратындарға қолдана отырып сынау жұмыстарын басқарады. Харрингтон ниволумабты рактің осы түрлерін емдеу ісіндегі үлкен жаңалық санайды. «Бұл препарат науқастардың өмірін кәдімгідей ұзарта алады. Зерттеу осыны көрсетіп отыр. Негізі бас пен мойын рагін емдеу өте қиын. Ал ауру қайталанған немесе ісік таралып кеткен болса, жағдай одан әрі қиындайды. Сондықтан зерттеу нәтижелері – өте жақсы жаңалық. Енді науқастардың өмірін айтарлықтай ұзарта алатын дәрі бар. Оның тезірек қолданысқа түскені дұрыс» дейді ол.ВВС деректері бойынша, Ұлыбританияда жылына 12 мың адамға бүйрек рагі деген диагноз қойылады. Күніне 12 адам осы аурудан қайтыс болады.
Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




