Ашхабадтың жаңа әуежайы Гиннес рекордтар кітабына енді

Ашхабадтың жаңа әуежайы Гиннес рекордтар кітабына енді
ашық дереккөз
Ашхабадтың жаңа әуежайы Гиннес рекордтар кітабына енді
Ашхабадтың Халықаралық әуежайы Гиннес рекордтар кітабына енді. Марапат басты жолаушылар терминалына салынған түрікменстандық дәстүрлі оюлы кілемнің ең үлкен кескіні үшін берілді. Оның аумағы 750 шаршы метрді қамтиды. Тиісті сертификатты жаңа әуежайдың ашылу салтанатында Ашхабат қаласының басшысына Гиннес рекордтар кітабының ресми өкілі Джек Брокбэнк табыс етті. Бұл туралы Turkmenportal.com хабарлады. Жаңа әуежай өңірдегі ең ірі болып табылады. Оның өткізу қабілеті - сағатына 1600 жолаушы. Кез келген үлгідегі және салмақтағы ұшақтарды қабылдап, халықаралық стандарттар деңгейінде сервистік қызметтер көрсете алады. Айта кетейік, бұған дейін Ашхабат Халықаралық әуежайының кіреберісіне салынған кешен де Гиннес рекордтар кітабына енген болатын. Марапат қоғамдық орында субұрқақтардың ең көп санын қамтыған кешен ретінде берілді.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар