Есей би ауылында еңселі ғимарат

Есей би ауылында еңселі ғимарат
ашық дереккөз
Есей би ауылында еңселі ғимарат

Қаратау ауылдық округіне қарасты Есей би ауылында жалпы жобалық-сметалық құны 422,5 миллион теңгені құрайтын 120 орындық мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Мектептің ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке ауыл тұрғындарын Білім күні және жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, сөз сөйледі. 

– Дағдарысқа қарамастан, әлеуметтік мәселелердің оң шешімін табуы, елді мекендерде құрылыс қарқынының бәсеңдемеуі – Елбасы жүргізіп отырған сарабдал саясаттың жемісі. Соның бір көрінісі – осы ауылда бой көтеріп, пайдалануға берілген заманауи үлгідегі жаңа мектеп. Білім саласына жасалып жатқан қамқорлық өз кезегінде ұстаздарға жаңа міндеттер жүктейді. Сіздер сапалы білім, саналы тәрбие беріп, оқытудың жаңа стандарттарын игеріп, білімді, іскер ұрпақ тәрбиелеудің жауапкершілігін терең түйсінеді деп ойлаймын, – дей келе, облыс әкімінің орынбасары елімізде әлеуметтік саланы дамыту жұмыстары әлі де жалғасын таба беретінін жеткізді. Алдағы уақытта осы ауылдық округке қарасты Қараой ауылында да 50 орындық мектеп құрылысы бой көтеретінін айтты. Білгенге бұл да той. Ал той тарту таралғысыз өтпейді. Салтанатты шарада осы ауылдың тумасы Қ.Омаров мектепке музыкалық аппарат сыйлады. Мерекелік шараға қатысушылар мектептің ішін аралап, сынып бөлмелерінің заман талабына сай жабдықталғанын көріп, ризашылықтарын білдірді. – Қаратау орта мектебінде 215 шәкірт білім алады. Оның 17-сі бастауыш сыныпта, 24-і мектепке дейінгі даярлық сыныбында оқиды, – дейді мектеп директоры Ләззат Бекбердиева.

Сәулембай ӘБСАДЫҚҰЛЫ, «Ақ жол».

Есей би ауылы, Талас ауданы.

Ұқсас жаңалықтар