Еуропарламент Қазақстанды мерекемен құттықтады

Еуропарламент Қазақстанды мерекемен құттықтады
ашық дереккөз
Еуропарламент Қазақстанды мерекемен құттықтады
Қазақстан Конституциясы – заңдылық тұрғысынан терең әрі өте маңызды құжат.

Демократиялық мемлекет болып қалыптасуы үшін қазақ елі ауқымды жұмыстар атқарды. Брюссельде Еуропарламент депутаты Андрей Мамыкин осылай деді. Елімізді Конституция күнімен құттықтаған еуропалық саясаткер көпұлтты, көпұлысты Қазақстан өзінің бүгінгі жетістіктеріне негіз болған Ата заңын мақтан тұта алатынына кәміл сенемін дейді. Андрей Мамыкин, Еуропалық Парламент депутаты: - Қазақстан халқын осындай ерекше мереке Конституция күнімен, Ата заңды ұлықтау күнімен шын жүрегімнен құттықтаймын! Конституциясыз бірде-бір мемлекет орнату мүмкін емес. Әрине, осыдан ондаған жылдар бұрынғы кезеңді еске ала отырып, Қазақстан Республикасының өз мемлекеттігін қалыптастыруда қандай күрделі де, маңызды жолды жүріп өткенін және негізгі құжаттың қандай даналықпен жазылғанын түсінесің! Тағы да барлық қазақстандықтарды мерекемен құттықтай отырып, әрбір отбасына амандық, бақ-береке тілеймін! Ақпарат көзі:  www.24.kz 

Ұқсас жаңалықтар