Рио-2016: Қазақ спортшылары алты жазғы Олимпиадада 69 рет көк байрағымызды желбіретті

Рио-2016: Қазақ спортшылары алты жазғы Олимпиадада 69 рет көк байрағымызды желбіретті
ашық дереккөз
Рио-2016: Қазақ спортшылары алты жазғы Олимпиадада 69 рет көк байрағымызды желбіретті
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарының алауы сөнді, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі. Қазақ елі тәуелсіз ел ретінде алты Жазғы Олимпиада ойындарына қатысты. Бүгін алауы сөнген Рио-де-Жанейро олимпиадасы соңғы 6-олимпиадамыз. Осы алты Олимпиадада қазақ елінің спортшылары көкбайрағымызды 69 рет әуеге көтерді. Айталық, Атланта олимпиадасында 11, Сидней олимпиадасында 7, Афины олимпиадасында - 8, Бейжің олимпиадасында - 13, Лондон олимпиадасында - 13, Рио-де-Жанейро олимпиадасында  - 17 рет байрағымыз көкке көтерілді. Енді осы алты Олимпиада ойындарындағы барлық жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді оқырман назарына қайталап ұсынғанды жөн көрдік. Атланта олимпиадасы (1996) Спортшы саны - 94. Спорт түрі - 15. Медаль саны - 11. Командалық есеп - 24. Алтын: Василий Жиров (бокс, 81 келі), Александр Парыгин (бессайыс), Юрий Мельниченко (грек-рим күресі, 57 келі); Күміс: Болат Жұмаділов (бокс, 51 келі), Анатолий Храпатый (ауыр атлетика, 99 келі), Сергей Беляев (нысана көздеу, 2 дүркін); Қола: Болат Ниязымбетов (бокс, 63,5 келі), Ермахан Ибрайымов (бокс, 71 келі), Мәулен Мамыров (еркін күрес, 52 келі), Владимир Вохмянин (нысана көздеу). Сидней олимпиадасы (2000) Спортшы саны - 130. Спорт түрі - 18. Медаль саны - 7. Командалық есеп - 22. Алтын: Бекзат Саттарханов (бокс, 57 келі), Ермахан Ибрайымов (бокс, 71 келі), Ольга Шишигина (жеңіл атлетика); Күміс: Болат Жұмаділов (бокс, 51 келі), Мұхтархан Ділдәбеков (бокс, +91 келі), Ислам Байрамуков (еркін күрес, 97 келі), Александр Винокуров (велоспорт). Афины олимпиадасы (2004)   Спортшы саны - 114. Спорт түрі - 18. Медаль саны - 8. Командалық есеп - 40. Алтын: Бақтияр Артаев (бокс, 69 келі); Күміс: Геннадий Головкин (бокс, 75 келі), Георгий Цурцумия (грек-рим күресі, 120 келі), Геннадий Лалиев (еркін күрес, 74 келі), Сергей Филимонов (ауыр атлетика, 77 келі); Қола: Серік Елеуов (бокс, 60 келі), Мкхитар Манукян (грек-рим күрес, 66 келі), Дмитрий Карпов (жеңіл атлетика). Бейжің олимпиадасы (2008) Спортшы саны - 129. Спорт түрі - 20. Медаль саны - 13. Командалық есеп - 29. Алтын: Бақыт Сәрсекбаев (бокс, 69 келі), Илья Ильин (ауыр атлетика, 94 келі); Күміс: Асқат Жіткеев (дзюдо, 100 келі), Таймураз Тигиев (еркін күрес, 96 келі), Ирина Некрасова (ауыр атлетика, 63 келі), Анна Важенина (ауыр атлетика, 75 келі); Қола: Еркебұлан Шыналиев (бокс, 81 келі), Нұрбақыт Теңізбаев (грек-рим күресі, 60 келі), Әсет Мәмбетов (грек-рим күресі, 96 келі), Арман Шылманов (таэквондо, 80 келі), Марид Муталимов (еркін күрес, 120 келі), Елена Шалыгина (әйелдер күрес, 63 келі), Мария Грабовецкая (ауыр атлетика, +75 келі). Лондон олимпиадасы (2012) Спортшы саны - 115. Спорт түрі - 20. Медаль саны - 13. Командалық есеп - 12. Алтын: Серік Сәпиев (бокс, 69 келі), Илья Ильин (ауыр атлетика, 94 келі), Александр Винокуров (велоспорт), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Зүлфия Чиншанло (ауыр атлетика, 53 келі), Майя Манеза (ауыр атлетика, 63 келі), Светлана Подобедова (ауыр атлетика, 75 келі); Күміс: Әділбек Ниязымбетов (бокс, 81 келі); Қола: Ақжүрек Таңатаров (еркін күрес, 66 келі), Иван Дычко (бокс, +91 келі), Марина Вольнова (әйелдер боксы, 75 келі), Гүзель Манюрова (әйелдер күресі, 72 келі), Даниял Гаджиев (грек-рим күресі, 84 келі). Рио-де-Жанейро олимпиадасы (2016) Спортшы саны - 104. Спорт түрі - 26. Медаль саны - 17. Командалық есеп - 22. Алтын: Нижат Рахимов (ауыр атлетика), Дмитрий Баландин (жүзу спорты),  Данияр Елеусінов (бокс), Күміс: Елдос Сметов (дзюдо күресі), Жазира Жаппарқұл (ауыр атлетика), Василий Левит (бокс),  Әділбек Ниязымбетов (бокс),  Гюзель Манюрова (әйелдер күресі). Қола: Отгонцэцэг Галбадрах (дзюдо), Ольга Рыпакова (үш қарғып секіру), Карина Горичева (ауыр аатлетика), Фархад Харки(ауыр аатлетика), Александр Зайчиков (ауыр аатлетика),  Эльмира Сыздықова (әйелдер күресі), Екатерина Ларионова (әйелдер күресі),  Иван Дычко (бокс), Дариға Шәкімова (бокс).  

 Ақпарат көз: ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар