Жайна Шекербекова: Жарысты көп күткенім де жеңілуіме себеп болды

Жайна Шекербекова: Жарысты көп күткенім де жеңілуіме себеп болды
ашық дереккөз
Жайна Шекербекова: Жарысты көп күткенім де жеңілуіме себеп болды
Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында бокстан әйелдер арасындағы 51 келі салмақта өнер көрсеткен қызымыз жекпе-жектен кейін психологиялық тұрғыдан дайын болмағанын айтты, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі. «Жеңуге барымды салдым. Бірақ, өкініштісі, ұтылып қалдым. Өзімді психологиялық тұрғыдан дайын болмағанымды сездім», - деді боксшы қызымыз. Сондай-ақ, ол Олимпиадаға келгеннен кейін жекпе-жекті көп күткені де жеңілісіне әсер еткенін айтып өтті. «Мен Риоға келген соң, жекпе-жегімді көп күттім. «Бұл да маған кері әсерін тигізді» деп ойлаймын. Негізі, қарсыласымды бұрыннан жақсы білемін. Жаттығуларда кездескенбіз. Бірақ, бүгін қанша жерден талпынсам да, жеңісті уысымнан шығарып алдым», - деді Жайна Шекербекова.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар