- Advertisement -

Леффлер: Головкин — Брук жекпе-жегіне билет 11 минуттың ішінде сатылып кетті

78

- Advertisement -

Орта салмақта IBF/IBO/WBA нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің Твиттер-аккаунтында алда болатын IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы британдық Келл Брукпен жекпе-жегіне арналған баспасөз мәслихатының видеосын жариялады.

«Менің Келл Брукпен алдағы жекпе-жегіме көзқарас керемет. Лондондағы  «О2-Аренасында» болатын үлкен шоуды тағатсыздана күтеміз (Great look at my upcoming fight against @SpecialKBrook. Looking forward to a big show at @TheO2. #London)»,-деп жазды әлеуметтік желіде Геннадий Головкин.

GGG промоутері Тома Леффлердің сөзіне қарағанда, айқасқа қызығушылық орасан және  Лондондағы O2 Arenaда болатын жекпе-жектің барлық билеттері небәрі 11 минуттың ішінде сатылып кеткен.

Еске сала кетсек, Головкин — Брук айқасы 10 қыркүйекте өтеді.


Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support