Елімізде бензинді смартфон арқылы төлеу мүмкіндігі қарастырылуда

Елімізде бензинді смартфон арқылы төлеу мүмкіндігі қарастырылуда
ашық дереккөз
Елімізде бензинді смартфон арқылы төлеу мүмкіндігі қарастырылуда
Қазақстанда құрылған жанар-жағармай құю стансаларының республикалық желісі бензинді смартфон арқылы төлеу мүмкіндігі беретін мобильді қосымша жасауда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің басқарушы директоры Дәулет Калеханов мәлім етті. «Бізде өте көп жобалар бар. Оның бірі - мобильді қосымша жасау. Талон, жеңілдік беретін карталар сияқты шешімдер өткеннің сарқыншағы болып қалады. Жүргізушілер ақшасыз есеп айырыса алады, ешқандай штрих-кодтар да қажет емес», - деді ол. Компанияның коммерциялық директоры Сәби Сұлтанбеков атап өткеніндей, енді жүргізушілер талон мен жеңілдік карталарын өзімен тасып жүрмейтін болады, барлық ақпарат смартфонда сақталады.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар