Астанаға кіру 200 теңге болуы мүмкін

Астанаға кіру 200 теңге болуы мүмкін
ашық дереккөз
Астанаға кіру 200 теңге болуы мүмкін

Астанаға кіру тек таңғы уақытта ақылы болуы мүмкін. Жұрт жұмысқа баратын сағат 7 мен 10-ның арасында елордаға кіруді 200 теңге ету туралы ұсыныс жасалып жатыр. «Астана LRT» ЖШС өкілдерінің айтуынша, жолды ақылы қылса, қаланың бас көшелеріндегі кептелісті азайтуға болады екен.

 Әдетте ресми жиналыс өтетін залға бүгін Астана тұрғындары келді. Тас талқаны шыққан жолдар, жамалған асфальт, удай такси мен ақылы автотұрақ жыры. Бұдан бөлек астаналықтарды кондуктор этикасы мазалайды екен. Аяғын шығарып автобус тізгіндейтіндер мен құлағынан телефон түспейтін жүргізушілер де жұрт ызасын әбден келтіріпті.

Осы тектес түйткілдердің алдын алу үшін электронды билет жүйесі енгізіліп жатыр. Қоғамдық кеңес тыңдалымына келген компания электронды карта сатып алатын аппараттарын жұрт назарына ұсынды. Сондай-ақ су жаңа автобустар, «скулбастар» бар.  Айта кетерлігі, оқушыларды мектепке таситын бұл көліктер келесі жылы іске қосылмақшы. Сондай-ақ компания Астанаға кіруді 200 теңге ету керек деп отыр.

«Таңғы сағат 7 мен 10 аралығында Астанаға кіретін көлік көп. Кептеліс сұмдық, сондықтан осы уақытта қалаға кіру ақысын 200 теңге етіп қою керек. Көлігін кіреберіске тастап кеткен тұрғындарды қоғамдық көлікпен діттеген жеріне тегін жеткізу жағын да қарастыру қажет деген де деген ұсыныс бар», - дейді «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Талғат Ардан.

Таксимен жүретіндер үшін де жағымды жаңалық бар. Қазір елордада жұмыс істеп тұрған 8 такси компаниясы жеткіліксіз, сондықтан қосымша таксилер жіберілмек. Ал жұрт жиі шағымданатын елорда жолдарының 33 шақырымы биыл жөнделеді. Сондай-ақ Астанадағы 4 жолды бір бағытқа өзгерткен әкімдік тарапы бұдан едәуір ұттық деп отыр. 30 пайызға көлік жүктемесі азайды деген жауапты орган жақын арада тағы бірнеше көшені бір бағыттық етпекші.

Ақпарат көзі: BNews.kz 

Ұқсас жаңалықтар