Жаңартылған білім мазмұны жаңа оқу жылынан бастап қолданысқа енеді
Жаңартылған білім мазмұнына қатысты талқылаулар жүргізіліп, жаңа оқу жылынан бастап бірінші сыныпқа енеді деп жоспарлануда, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева «Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындағы білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшу жұмыстары басталғанын айтып отыр.
Оның сөзінше, оқушылардың сауаттылығын арттыруға бағытталған бұл әдіс осыған дейін 30 білім ошағында сынақтан табысты өткен.
Жаңартылған білім мазмұны арнайы түрде кезең бойынша жүзеге асады. Биылдан бастап – 1-сынып, 2017 жылы – 2,5,7 сыныптар, 2018 жылы – 3,6,8,10-сыныпта, 2019 жылы – 4,9,11,12-сыныптарда қолданысқа енеді деп күтілуде. Енді төрт жылдан соң 12 жылдық құрылыммен жаңартылған білім мазмұнына көшу барлық сыныптарда толық жүзеге асады.
Comments are closed.