Мәсімов ағылшын саяхатшысының ұрпақтарымен кездесті
Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсонның ұрпақтарымен кездесті, — деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.
«168 жыл бұрын Қазақстанды зерттеген ағылшын саяхатшысы Томас Аткинсонның ұрпақтарымен кездестім», — деп жазды премьер-министр Twitter желісіндегі парақшасында.
Аткинсон 1844 жылы Жайықтан Алтайға жейін саяхаттаған. 1875 жылы ол қазақ даласымен Алатаудың етегіне дейін барған. 1849-1852 жылдары ол Моңғолияға, Сәбек сұлтанның ауылына барады. Онымен бірге әйелі Люси Аткинсон да саяхаттаған.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Comments are closed.