Риода Қазақстан спортшыларынан жарысты ең бірінші кімдер бастайды?

Риода Қазақстан спортшыларынан жарысты ең бірінші кімдер бастайды?
ашық дереккөз
Риода Қазақстан спортшыларынан жарысты ең бірінші кімдер бастайды?
Рио олимпиадасында қазақстандық спортшылар жарысты ең бірінші қай спорт түрінен бастайтыны белгілі болды. Олимпиаданың алғашқы күні жергілікті уақытпен 08:30-да (Астана уақытымен 17:30) академиялық ескек есуден ерлер мен әйелдер арасында жекелей жарыстар басталады. Онда бірінші болып ерлерден қазақстандық Владислав Яковлев жарыс жолына шықса, әйелдер арасынан Светалана Германович жарысты бастайды. Ал Олимпиада ойындарының ең соңғы күні финалға дейін сүрінбей жететін болса, боксшыларымыз соңғы болып аяқтайды. 21 тамыз жергілкті уақытпен 14-де (Астана уақытмен 23:00) бокстан 52, 64, 75 және +91 келі салмақтағы боксшылар алтын жүлдеге таласуы мүмкін. Еске сала кетейік, бұл салмақ дәрежелерінде қазақ боксшыларынан Олжас Сәттібай (52 келі), Абылайхан Жүсіпов (64 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі) және Иван Дычко (+91 келі) бар. Ақпарат көзі :ҚазАқпарат

Ұқсас жаңалықтар