Кабулда жарылыс салдарынан 60-тан астам адам көз жұмды

Кабулда жарылыс салдарынан 60-тан астам адам көз жұмды
ашық дереккөз
Кабулда жарылыс салдарынан 60-тан астам адам көз жұмды
Ауғанстан астанасы Кабулда жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 60-тан  асты, ал 207 адам түрлі дәрежедегі жарақат алған, деп хабарлайды РИА Новости. Белгілі болғандай, Кабулда электр тарату желісінің құрылысына қарсы ереуіл кезінде екі  ірі жарылыс болған. Жергілікті биліктің хабарлауынша, шабуылды 3 лаңкес ұйымдастырмақ болған. Алайда бірінің жарылғышы іске қосылмай қалады. Ал үшіншісін күш  құрылымдары атып өлтірген. Рейтер агенттігі жарылыс үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы  мойнына алды деп хабарлауда. Ақпарат көзі :ҚазАқпарат    

Ұқсас жаңалықтар