Түркия әскери төңкеріс кезінде қолдау көрсеткені үшін Қазақстанға алғыс білдірді

Түркия әскери төңкеріс кезінде қолдау көрсеткені үшін Қазақстанға алғыс білдірді
ашық дереккөз
Түркия әскери төңкеріс кезінде қолдау көрсеткені үшін Қазақстанға алғыс білдірді
«Қанды және сатқындық төңкеріс әрекетіне қарсы болып, алғашқы сәттен-ақ елімізге қолдау және ниеттестік тілектерін жолдаған дос елдер мен мемлекеттік қайраткерлер арасында Қазақстанның және құрметті Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың болғанын алғыс пен ризашылықпен қабылдағанымызды атап өткіміз келеді. Түркияда жарияланған төтенше жағдай, еліміздің басқа мемлекеттермен, сондай-ақ дос және бауырлас Қазақстанмен, ең әуелі саяхат, туризм, сауда, және инвестициялар сияқты көптеген салалардағы қарым-қатынастарымызға ешқандай теріс әсер тигізбейді.  Елімізге қатысты ешқандай сапар шектеулері немесе қауіп-қатерлер жоқ. Тұрақты және чартерлік рейстер жүйелі түрде орындалуда. Түркия шетелдік туристер үшін ең бейбіт және қауіпсіз демалыс айлақтарынан бірі болып табылады. Түркияда жағдай толық бақылауға алынды. Үкіметіміз, еліміздің қауіпсіздігі мен азаматтарымыздың тыныштығы үшін қажетті барлық шараларды қабылдауда. Төңкеріс әрекетін жасағандар заңға сәйкес лайықты жазасын алу үшін жауапкершілікке тартылатын болады», - деп  жазылған Түркия елшілігінің таратқан хабарламасында. Ақпарат көзі :ҚазАқпарат    

Ұқсас жаңалықтар