- Advertisement -

ҰБТ-да аз балл жинаған түлектер 19-24 тамыз аралығында тесті қайта тапсыра алады

64

- Advertisement -

ҰБТ-да шекті деңгейден өте алмаған түлектер 19-24 тамыз аралығында тесті қайта тапсыра алады. Тест сұрақтары дайын, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

 «Біз ҰБТ-ны қайта тапсыруға арналған сұрақтарды дайындап, бекітіп қойдық. Айта кетейік, тест тапсырмаларына айтарлықтай өзгерістер енгізілген жоқ. Сондай-ақ бірыңғай кешенді тестілеуді қайта тапсыру датасы да белгілі болып отыр. 1-8 тамыз аралығында өтініштер қабылданып, 19-24 тамызда тестілеу өтеді. Түлектер тест тапсыратын жоғары оқу орындары әзірге белгісіз», — деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, биыл ҰБТ-ға 84 079 түлек қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде – 61 739, орыс тілінде – 22 340. Шекті 50 балды 14 252 талапкер жинай алмады.

Ақпарат көзі: BNews.kz 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support